05.06.2021
258
«Айрылмастай досыңа қайырылмастай сөз айтпа»
«Қайырылмастай сөз» деген –ауыр сөз. Жүректі жаралайтын сөз. Достық дегенді мінсіздікпен шатастыруға болмайды. Адам – пенде. Пенденің әрекетінің дұрысы да, кей-кейде бұрысы да бола береді. Досыңа өз басың өте адал бол. Ал дұшпандықпен біреулер араларыңызға сына қақса, ауыр сөз айтпас бұрын, ойланыңыз. Уақыт – емші. Өзіңізді сабырға шақырыңыз. Мінсіз адам болмайтынын ойлап, достық қарым-қатынасыңызды сақтап қалуға тырысыңыз.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Түсінуге қиын сөздер болса, сөздіктен қараңыз.
- Дос туралы монологыңызда жоғарыдағы мақалды қолданып сөйлеңіз.
- Достық туралы, дос, жолдас туралы өз қанатты сөздеріңді жазыңыз.