29.05.2021
  316


Автор: Қадыр Мырза Әли

Асыл ойдың тереңіне

Асыл ойдың тереңіне
Асығудың керегі не?
Көп қалмаған сияқты!
Қиял атты киігіме
Көтерілер биігіне
Көп қалмаған сияқты.
Шығатұғын төріме де,
Жететұғын жеріме де
Көп қалмаған сияқты.
Тұрған мақсат, тұрған мұрат
Жас жігер-ай! Ол да бірақ
Көп қалмаған сияқты.





Пікір жазу