29.05.2021
170
![](/uploads/shorttexts/author_image/kadir.jpg)
Жетегінде көп айдың
Жетегінде көп айдың
Жылдар қалай өтеді!
Көңіл толы көл-айдын,
Жүрек толы от еді...
Ақыл деген қарт аңшы,
Енді осыған бол аң-таң:
Көл орнында — бір тамшы,
От орнында — қоламта!