28.05.2021
162
От сезімге сен күймесең, кім күйсін
От сезімге сен күймесең, кім күйсін!
Өрттен шығып ақ боранға сүңгисің.
Бір-ақ мысқал шындық үшін, апырым
Түгелдей бір сыр шахтасын үңгисің.
Қате болса, білетіндер түзесін,
Қиялдың көк мұхитында жүзесің.
Маржандай сөз табу үшін бір ғана,
Түгелдей бір жыр теңізін сүзесің.
Түк бітірмей,
Кейде іштен тынасың.
Түнересің,
Дөңбекшисің,
Тұнасың...
Сиқыр жырдың бір-ақ тамшы нәрі үшін
Түгелдей бір ойдың бұлтын сығасың.
Неткен қиын өнер едің, өлең сен!