meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  13.05.2021
  213


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

Байып қалдым, қиялға да жарыдым...

Байып қалдым, қиялға да жарыдым,
бәрібір сол тарқамады бір құмар.
Біреу менің, мен біреудің жарымын –
Не жөнім бар мұны сізге сыр қылар?

Қай жүйрікті жаяу қуып жетемін,
Маған өмір босағасы тиіпті.
Сүйем деймін, сүю менің не теңім,
Өзім бола алмаған соң сүйікті!





Пікір жазу