09.05.2021
  225


Автор: Әбділда Тәжібаев

Ұшып бара жатырмын

Қиялы емес қиналмайтын ақынның
Ұшып бара, ұшып бара жатырмын.
Қош деді де қошаметтеп қалды жер
Құшағында жиырмасыншы ғасырдың.
Оздырып мен уақыттан от кемемді,
Келем білмей бөгелу не дегенді,
Қандай қызық, шығып алып космосқа
Шырқай айту жерде туған өлеңді,
Артымда жер, алдымда күн алабы,
Кең жаһанда кемем заулап ағады.
Елсіз түнде ескірген бір вокзалдай
Ай да менен кейін қалып барады.

1958





Пікір жазу