08.05.2021
226
Кел, жылдарым
Жұлдызы бар, жүрегімнің сөнбейтін,
Арманы бар жұлдызымның - өлмейтін,
Шақырады мені ілгері қашан да.
Жұтып болған жоқпын өмір шырынын,
Шертіп болған жоқпын күйін жырымның
Құмармын мен өлмей ұзақ жасауға!
Мен ғана емес, өзі науан уақыттың
Тұр көтеріп тозбас туын бақыттың,
Айтыңдаршы, қартаюға мүмкін бе?
Кел, жылдарым, менің жарқын жылдарым,
Көтер мені, жарқырасын жырларым,
Құй кеудеме қуатыңды, іркілме!
1948