08.05.2021
252
Есіңде ме
Есіңде ме кездескенің, қарағым,
Есімді алдың, неге сонша қарадың?
Жүрегіме лақтырған бір шоғыңнан –
Енді міне лаулап жанып барамын.
Айтшы күнім, неге сонша қарадың!
Кірпігіңмен аттың бір оқ, қададың.
Отты көзім, емшім өзің болмасаң –
Қансырамай қалай аман қаламын?..
1936