meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  04.05.2021
  449


Ана тілім

Ана тілім –тірегім, соғып тұрған жүрегім,
Тіл арқылы қазағымды білемін.
Білемін де шаттанамын, күлемін,
Сонымен де бақытты өмір сүремін.

Бойға сіңген ананың ақ сүтімен
Ерекше ғой ана тілім өзге тілден.
Мәңгілік жанымызда сақталардай
Араласып кетпесе екен өзге тілмен.

Шаттанамын ана тіліммен
Ойымды айқын жеткізген.
Мақтанамын ана тіліммен
Қазақты қазақ еткізген!





Пікір жазу