30.03.2021
  510


Автор: Саят Әбенов

Жүрегіңнен бір орын бер...

Жүрегіңнен бір орын бер...
Сені көріп есім кетті өмірім де өзгерді,
Өміріме керек емес сенен басқа өзге енді.
Жүрегіңнен бір орын бер,
Тынышталсын жүрегім,
Гүлдей сезім бір жүректе бүрін жарар кез келді.

Жүрегіңнен бір орын бер,бір орын бер бос болса,
Мекендейін сол орынды тағдыр бізді қосқанша.
Өміріңнен бір орын бер,бір орын бер бұл өмір,
Екеумізге құшақ жаяр күнді күтіп тосқанша.

Сен жұмбақсың,мен ғашықпын менің сырым белгілі,
Сен қымбатсың қымбат маған жауабың да ендігі.
Жүрегіңнен бір орын бер мәңгілікке өтінем,
Бір жүректе өмір сүру қос жүректің ерлігі.





Пікір жазу