29.03.2021
  282


Автор: Саят Әбенов

Кірлетпе жүрек айнаңды.

Қуанып біреу жылайды,
Қайғырмай өтер қай мықты?
Бір Алла беріп сынайды,
Біреуге бақ пен байлықты.

Сауаптың игі жақсысы,
Халыққа тигіз пайдаңды.
Арыңдай ұста бастысы.
Кірлетпе жүрек айнаңды.

Мəңгілік баққа кім ие,
Тойымсыз пенде сорлайды.
Қолыңда болған дүние,
Жоғыңда досың болмайды.




Пікір жазу