25.09.2023
  106


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Жүрегің жыламасын

Дегеніне ақылдың көнбегенбіз,


Өзгешелеу өмірге өң береміз.


Қия алмаймыз, қимаймыз, ең қиыны,


Бірімізді-біріміз көрмегенбіз.


 


Армандардың қуалап ақ сағымын,


Парақшама толтырам бақша гүлін.


«Ханшайымым» десеңіз мəз боламын,


Жарты əлемнің алғандай патшалығын.


 


Жанымызда жалын от, жанады ізгі,


Білмесекте тұратын қаламызды.


«Оператор» біз үшін əлек боп жүр,


Жалғастырып желімен арамызды.


 


Байқаймын да алдағы асуды анық,


Жанарыма тығылар жас ұрланып.


Қоңырауың жауапсыз қалып кетсе,


Өлең жазып тастайсың ашуланып.


 


Əзілің де, сөзің де жарасымды,


Аялдаймын алдыңда бала сынды.


Мөлдіреген сендегі сезім үшін,


Сыйлар едім сыйғанша бар асылды!


 


Уақыт па, желден де жылдам екен,


Ұялы ма, дос болды сырға бекем.


Бір күндері басқа жан ұнап жатса,


Жүрегіңнің айтқанын тыңда көкем!


 


Бұл өлеңім ұнасын, ұнамасын,


 


 


Не қасірет көрмеген, мына басым!


Мен жыласам ештеңе өзгермейді,


Сенің ғазиз жүрегің жыламасын!


Сенің ақын жүрегің жыламасын!


 





Пікір жазу