25.09.2023
  104


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Кетсем бе екен

Сезім...


Мен сені іздегелі,


Алтын тонын қымтанып күзде келді.


Тереземді соққылап суық жаңбыр,


Көрсем деген түсімді жүзге бөлді.


 


Сосын...


Озды да күн ілгері,


Астарлы ойды аямай тілімдеді.


Тереземнің тұсында аппақ қайың,


Жапырағын қия алмай дірілдеді.


 


Тағы...


Кеткім кеп қиып бəрін,


Суық күннің сезіммен тиып кəрін.


Құрысын, жылы жаққа кетсем бе екен,


Жинап-ап жүрегімнің қиықтарын.


 





Пікір жазу