Мен халқымның жүрегімен жырладым...
Ерекше Құдай берген бір бағым,
Мен халқымның жүрегімен жырладым.
Ақын болсам, азабыммен ақынмын,
Тұлға болсам, қазағыммен тұлғамын.
Сағынышты жырларымның бәрі мұң,
Айлы жұлдыз, аспан күннің жарығын.
Дүниені, мынау жұмбақ әлемді,
Мен қазақтың жанарымен таныдым.
Мен алдында басымды идім Құдайдың,
Өмір деген жұзер мұхит ұлы айдын.
Қазағымның қуанышы бақыт боп,
Мен қазақтың мұңыменен мұңайдым.
Жүйрік өмір, бір күн бізден озар күн,
Қимай-қимай қолын сонда созар кім?!
Қазағымның жаныменен жыр жаздым,
Қазағымның арыменен сөз алдым.
Адал болса жауымды да кешірдім,
Өз бойымды бірте-бірте өсірдім.
Қазағымның тауларымен тең тұрып,
Қазағымның даласындай көсілдім.
Жырларыммен түнгі аспанды тыңдаттым,
Арасынан бақыт іздеп гүл бақтың.
Тұнып тұрған көл-бұлақтай мөлдіреп,
Өзен-дария ағысымен бірге ақтым.
Ұлы өзендей бір аялдап тұрмадым,
Толқын болып алас тұрып тұнғаным.
Мен халұқымның тілегімен санасып,
Мен халқымның жүрегімен жырладым.