05.09.2023
  69


Автор: Шөмішбай Сариев

Әйелдерді іздесең

Әйелдерді іздесең,
Түнгі жұлдыз арасынан ізде сен.
Үмітіңді үзбесең,
Келер көктем, жаз дәурен мен күзге сен.
Әйелдерді іздесең,
Ізде гүлдер, бақтардан.
Үмітіңді үзбесең,
Сырын гүлдер ақтарған.
Әйелдерді іздесең,
Ізде орман арасынан адасып,
Үмітіңді үзбесең,
Сан адасып, сен ақыры табасың.
Әйелдерді іздесең,
Бұл өмірде өзіңді-өзің тапқаның.
Үмітіңді үзбесең,
Сен аңдамай бір басарсың қақпанын.
Үмітіңді іздеумен,
Ұшқын лаулап, от шығар.
Әйелдерді іздеуден,
Артық бақыт жоқ шығар!..





Пікір жазу