31.08.2023
  83


Автор: Шөмішбай Сариев

Сөздер бар...

Шенқұмардың шені бар — пір көретін,
Сөзі бір — бар өзімен бірге өлетін.
Қабірінен оянып сапар шегер,
Сөздер бар,өлгеннен соң түргелетін.
Түргеліп,Ел алдында еңсе берер,
Бұл өзі —сөздер емес кеңсе көрер.
Майданнан ол оралған жауынгердей
Соғысып,өз дұшпанын жеңсе келер!
Сөз сарбаз, Жарқыл қаққан қылыштары,
Ақ орда ақыл-ойы ұлыстағы.
Ежелден Алты Алашым ақын дейді,
Сөздерден мәрмәр соққан бір ұстаны.
Ағайын, сол шебердің бірі — Менмін!
Алдымнан ұлағатты ұлы көрдім.
Талай жыл сан күресіп,сан соғысып,
Сөздердің майданынан тірі келдім.
Мөлдірер болмас өмір таза көктей,
Ер болмас,бұлт оранып маза кетпей.
Құлақ сал, әр аталы сөзге ағайын,
Киелі әрбірсөзді қазалы етпей.
Нар өркешті сөздердің – түйесін ал,
Пәтуалы сөздердің киесі бар.
Иесіз сөз болмайды,әрбір сөздің,
Ата-баба дейтұғын иесі бар.
Қарашы Тәңір қолдапжаратуын,
Мен – ақын, әр бір сөздің қанатымын.
Сөз деген Құдай сөзі,Тәңір сөзі,
Сол сөзден басталады — АНА ТІЛІМ!..





Пікір жазу