03.07.2023
  149


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Түсімде

Енді ғана ұмытып жатқанымда,


Күн жалғыз ұясына батқанында,


Қайдан ғана кіре қалдың сен түсіме.


Жүрегім жүрегіңе тартқаныма?


Түсімде әлі сондай көріктісің,


Әліде сені жақсы көріп жүрмін,


Қу үмітім өлмейді мен өлмесем,


Мен үшін ең әдемі сұлу мүсін.


Дауысың әлі сондай нәзік сыңғыр,


Көздерің қара түндей қара бұлдыр,


Ұмытып бара жатып еске түстің.


Тым болмаса түсімде бірге жүргің,


Түс деген жәй ғана арман дейді,


Сен мені ойламада ұмыт мейлі.


Соңғы демім қалғанша сені күтем,


Жүрегім қатып қалған таспа дейді,


Есін әлі білмейтін маста кейде.


Махаббаттан күйіктеніп ішіп-жейді,


Сені қайта түсімде көргенімде,


Үміт бардай есіме түсіремде.


Қараңғыда қаламын оңашада,


Көз алдымда сұлу бейнең жоғалсада.





Пікір жазу