27.06.2023
  173


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Қинамашы жүрегімді езілген

Менің көзім көрмейді кейде-кейде,


Менің даусым жетпейді ешбір жерге.


Жаралмаған екенмін шын сезімге,


Мен сенсіз шыға алмаймын белестерге,


Мен үшін жаралмапсың түсінгенім.


Сен есіме түскенде күрсінемін,


Өмірің осы болса жақсы көрген.


Сен болмасаң өмірсіз өтер едім,


Еш мәні жоқ алаңсыз өлер едім.


Қаным қайнап сені ойлап қайғырған да,


Сол кезде өзімді тірі сезінемін.


Сен бақытты мен бақытсыз күйде ем,


Сол жігітпен әрбір күлкің күйдірген,


Мені сонша ғашық қылған кімсің сен,


Көрінбеші көздеріме ол жанмен.


Қинамашы жүрегімді езілген,


Құтылсаңшы мендей бейбақ пендеден.





Пікір жазу