27.04.2023
288
![](/uploads/shorttexts/author_image/2023-01-09-01-33-20.png)
Махаббат жетпей қалады
Бұл ғаламға махаббат жетпей тұрғандай.
Қатігез жүректен шыққан сөз,
Сүйек жарып...
Жаныңды өлтіріп қоярдай.
Бірін-бірі қолдамай аяғынан шалғандай,
Жан-жаққа бөлінген,
Қайран да қайран елім-ай.
Мейірімсіз көңілсіз жүріп жатқан өмір-ай,
Жылу керек бәріне...
Махаббат нұрын шашқандай,
Қазіргі қара заманға білім жетпей
жатқандай.
Уақыт өтіп жатқанда бәрі кетіп барады,
Зымыраған ғұмырым көз алдымда
қурады,
Ғашық болған жүрегім бір-ақ сәтте
тоқтады.
Мәңгі өлмейтін адамдай көп қателік
жасады,
Қазіргі сұрғылт заманға сезім жетпей
қалады.
Сезім болса сыр болар жырға айналып
жазады,
Мейірімі жоқ бұл адамдарға,
Махаббат жетпей қалады...