24.04.2023
140
Сен менен шаршадың
Мен білемін сен менен шаршағансың,
Сен онымен шынайы бақыттысың.
Жаныңа бір тыныштық сыйлай алмай,
Қош бол деп өміріңнен жоғалғанмын.
Тағдыр тағы алдыңа алып келер,
Айналдыра өзіңді тауып берер,
Сен мені баяғыда ұмытқансың.
Бар үмітті бір сөзбен жоғалтқансың.
Қоштасқалы арада жылдар өтті,
Сен менің жүрегімде сақталғансың,
Ұқсамаған ешкімге бөлек жансың.
Менің нағыз Музама айналғансың,
Айтшы маған сен мені таныймысың?
Мына маған мән беріп қарамайсың.
Мен егер бір күндері өліп кетсем,
Жоқтығымды ешқашан байқамайсың.