15.04.2023
261
ЖҮРЕК – ТӘҢІРДІҢ ТАҒЫ
Міскіндікте тапқандар – ерлік кімде бар болса,
Сатылардан секірер кім биікке зар болса.
Көңіл көкте қыдырып,
өтті жолдан сыдырып,
Сыртына да ол шығарар, жанса іші шамдалша.
Ақсақалды пір Қожа білер сенде хал қанша,
Қажылыққа қам қылма – бір көңілге шаң қонса.
Сөз қажетсіз кереңге,
соқырға күн түнмен тең,
Шын соқырлар сол болар –
тек дүниеге қам болса.
Жүрек – тағы Тәңірдің,
Тәңір назар салған шақ,
Екі дүния бір қадам, кім тазартып, қарманса.
Не тілесең – өзіңе, соны тіле – басқаға,
Төрт кітаптың мағынасы, осы, – сенде бар болса.
Білдік, өтті – келгендер,
Ұзақ емес жол да онша,
Кім түсінсе мағынасын – шарап ішті қанғанша.
Жүніс, жолдан азба-ғын,
оттай лаулап, мазда-ғын,
Көрмейсің көр азабын, –
Дидар тілеп, Жарды аңса!