09.04.2023
  433


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Жердесің, жер елдікі ұмытпағын

 


Үміті күлімдеген күйлі кісің,
Жайғасты парламентке қилы мүсін.
Ежектеп, кеше Ант-ын бере алмаған,
Жасайды қалай түзу елдің ісін?


Тұмсығын тіреп таққа, аттың басын,
Келдім дер, лайық боп бақ тұрғасын.
Жауаптың жүгі ауыр біле ме екен?
Немесе келді біреу лақтырғасын!


Тілшіге, тілің жетпей күрсіндірдің,
Өзінше өктемі ең, бұл шын күннің.
Өзгерген бір-ақ сәтте, өрге барып,
Жалған жүз, келбетіңе мұңсыз күлдім.


Өзгермес бір ниетті, қыр да, құм да,
Ол жақта, құлқын күткен құл да, құн ба?!
Исламда, бағыну бар басшыларға,
Иманы, болса жүрек құндағында.


Депутат, мансап емес жеке меншік,
Ойнама, еліңе іс өтегенсіп.
Бүгінде, халқым ояу, алданбайды,
Дайын тұр, от секілді кетер өршіп.


Бардың ғой, сақта адам ғұрыптарын,
Қалмассың, халық жайын, бұғып бәрін!
Санатты, сараптап ап, сандалсаң да,
Жердесің, жер елдікі, ұмытпағын!


 





Пікір жазу