24.03.2023
321
Өзгеріпсің
Уақыт өтіп өзгеріпсің танымадым,
Қабағың мұңға толы қарамадым,
Езіліп өмірден кетіпсің ғой.
Қайда сол бір сүйгенің бақыттарың.
Өмірдің алымына түсіпсің ғой.
Өліпті ғой алға қойған армандарың,
Жадыраған отқа толы қара көзің,
Оты сөніп өшіпті қарағаның.
Не болған? Таныдыңба мені жаным,
Бірдеңені көп ойлап алаңдадың,
Қабағың түнектен бір ашпадың.
Өзгеріп кетіпсің ғой қаламқасым.
Уақыт деген алдыма өзінікін,
Әлде адамдар алдыма бар қадірін,
Шаршағаның көрініп тұр бұл өмірден.
Кімді тағы жоғалттың қарлығашым.
Күйретіпті бұл тағдыр жоспарларын,
Қиратыпты мына өмір қалағанын.
Қабағына мұң салып кеткен біреу,
Бәлкім менен табарсың өмір мәнін.