20.03.2023
  465


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Жалғыз қалғам...

Жүрек енді күтпейді назданады,


Ағыл-тегіл мұңдана көп жылады,


Сенің бейнең көзімде пайда болды.


Бір мезетте жоғалып кете барды,


Сен мені керек етпедің ешқашанда,


Жәй ғана адам болдым сөзім барда.


Мән беріп қарамадың мына маған,


Мен саған барымды арнағам.


Жандар көп қой менімен сөйлесе алған,


Ешбірі өзіңдей бола алмаған.


Бір жан керек мағанда сезім берер,


Шыдамныңда шегі бар бәрі бітер,


Сенсіз келген жаңа жыл сенсіз кетер,


Өлеңдерім шашылып сәні кеткен.


Мен сен үшін жаралмапын түсінгенім,


Іштей өліп барамын бітіп демім,


Сенсіз маған мәні жоқ бұл өмірдің,


Сен үшін жаман адам болып кеттім.


Қор болған өлеңдерім көп қой менің,


Өміріңнен жоғалайын енді сенің,


Жүрегімді сөндірші өтінемін.


Қинағанша сезіммен кетір мені,


Өз таңдауың хақың бар шын бақытқа,


Сен ешкімді тыңдама оқымада,


Жаныңда мәңгі жүрген жаның болсам,


Арманым жоқ болар еді асыққан.


Бәріде кеш мен сен үшін бос бір дауыс,


Өміріңнен кетпеген ащы дауыс,


Кезіктіріп ғашығыңды өміріңді,


Шын бақытқа бөлесін ол сені,


Мен сені барынша ұмытамын.


Бірақ ол мүмкін емес сенші жаным,


Бір күндері сол адамға ұзатылсаң,


Ары қарай өмірде бақытты болсаң,


Мағанда керегі сендік бақыт.


Мен оны Құдайдан сұрап шыққам,


Бақыттыңның себебі мен емеспін,


Өміріңді жұмаққа айналдырған.


Сенде маған тілейсің шын ғашықты,


Ол ғашығым көз алдымда кетіп қалған,


Махаббатты жек көрем сынаққа салған,


Жұбататын жан болмай жалғыз қалғам.





Пікір жазу