05.03.2023
  392


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Мен өлгенде махаббатым көріме бірге түспейді...

Алыс-жақын танысым сен менің мұңдасым,


Бұл әлемнен шаршағанда саған барып ашылдым.


Бар дүние мағынасын тастағанда,


Бұл өмірдің қызығы қалмағанда,


Қу басымда баспана қалмағанда,


Сенің жаныңда бәрі де айналады шын-дастанға.


Мына қара дүние өзіне сыйдырмаса,


Тек қашудан басқа амал қалмағанда.


Мен сенен қуат алдым жасқана,


Мен сенен қанаттандым күш жинала.


Тек сен менің сырласым жалғыз өзің


мұңдасым,


Талай менің өлеңіме себепшісің


тынбассың,


Менің жанған сезіміме тек сен ғана


лайықсың.


Кейде кетіп көздерімнен таппай қалған


ғайыпсың.


Бұл әлемнің ғажабысың мида жүзер


қайықсың,


Саған деген махаббатым ешқанда


өшпейді,


Мен өлгенде көріме менімен бірге


түспейді,


Мәңгі бақи махаббаттым тек өзіңмен


гүлдейді.


 





Пікір жазу