08.02.2023
265
![](/uploads/shorttexts/author_image/2023-01-09-01-33-20.png)
Қимаймын
Жаным ау сені әлі күнге қимаймын,
Бақытты екеніңді мойындай алмаймын.
Сені көріп бұл дүниеге сыймаймын,
Ғашық болған жүректі қайта баса алмаймын.
Сенсіз келді 4-ші жыл жаңасы,
Сөйлеспедік мәңгілікке шамасы.
Бірақ сені әлі қимай келемін.
Неге бұлай оны менде білмедім,
Түсіне алмай махаббаттың түнегін.
Сені ойлап ұзақ жолда жүремін
Жете алмай алдымдағы Айнама,
Өз-өзіме сыймай кетем қинала
Көре алмай ажарланған күлкіңді.
Сырттай көріп бақыт тілейм мың-түрлі ,
Жете алмаған адам едің басынан
Тағдырға көну керек расынан.
Бәрін бастай алмаймыз басынан,
Қош бол енді алыс-жақын танысыма айналған .