01.02.2023
434
Асыл үміт
Үмітімнің сәулесі қылтияды,
Шаршағанда көрініп бір қияғы.
Өмір тартыс екен ғой, талып барып,
Тұратұғын таптап ап, сұрқияны!
Өтірікке өршимін, өктемденіп,
Үнсізге де, қалмайды өкпем кеміп.
Көріп тұрар іштерін, келбетім бар,
Түртетіндей бір тылсым, көктен келіп!
Сұмды сезем, тұрса да, жасырынып,
Айлакер көп, жүрген бос, бас ұрылып?
Өзім үшін, өзгеге бақ тілеймін,
Терлемеңдер!
Менде тек, асыл үміт!