02.12.2022
  462


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Ағалар, інілерім

 


Жаны асыл, ағалар, інілерім,
Өздеріңе өкпем бар, бүгін менің.
Сұлуларға, сұқтанып аласың да,
Туғандарың жымиса, түріңде мұң!


Жан тұлғаңыз маңызды, үшін елің,
Ойлы болсаң, иіліп кішіремін.
Намыс ділде болмаса, қайтеді жұрт,
Еркек болып, күшенген кісі демін?


Бір жүректі, мың бөліп жатқаныңнан,
Жау көбейіп жүргендей қапталыңнан!
Жиналмасаң, еркектер сен әуелі,
Қалай шығар қыздарың, батпан мұңнан?


Жалған намыс жасайсың, жорға қылып,
Қия кетсең, нәпсіңмен сорға бүгіп.
Жан беруге дайынсың сұлуларға,
Әйеліңе жүргенде зорға күліп!


Ащы сөзім, жіберсе, түртіп ішің,
Тағы жалған білемін күрсінісің!
Адалдарға дауым жоқ Алла разы,
Өздеріңнің қаның бұл, сілкінісім!


 





Пікір жазу