29.11.2022
  97


Автор: Қазақ ырымдары

Қонақ боп барған үйінде қызды төрге отырғызады. Себебі «қызда қырық көліктік бақыт бар». Төрде отырса, сол бақыттың жұғыны қыз отырған төрде қалады. «Қызда қырық қырсық та бар». Босағада отырса—сол қырсық сол үйде қалады. «Қызда оттай ыстық мейір бар». Төрде отырса, сол мейір сол үйге бағышталады. «Қызда мұздай суық ызғар да бар». Есік жақта отырса, сол ызғар сол үйді шалады. «Қызда қырық періште бар». Төрде отырса, сол періштелер сол үйге қонады. «Қызда қырық сайтан бар». Есік жақта отырса, сайтандар сол үйде қалады. Осындай ырымдардың салқынынан қалтырап, ыстығына қуанады. «Қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді» дейтін мәтел осындай ырымдардың жемісі болар.





Пікір жазу