27.11.2022
150
Қазақ қыз баланы қорламайды. Қыз—ару, болашақ ана. Ұрпақ қыз арқылы өрбиді. «Қыздың жолы жіңішке», «Қыз назы қырық кісіні мас қылады», «Қыз—жат жұрттық» деп өздектетеді. «Қыздың қабағында құт бар. Қыз қабағы—күрең тартса—ел жұтқа шалдығады. Қыздың қабағы күлімдесе—құт қонады. Қызды қорлаған қызыл шақасынан айырылады. Қыздың жолы қырық кісінің жолын бөгейді. Қызды жылатқанның қырсығы қырық есекке жүк болады» деп ырымдап, қыз баланы адамның бақытына балайды.