05.11.2022
  325


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Анаң тілін жасама, аяқасты

Сөйлесіп түр екі қыз өзге тілде,
Қазақ болар тартады көз де, түр де.
Көрсең оны жүре бер өз жөніңе,
Анасын сөк, қыздарға сөз келтірме.
Айқара аштық-өзгеге есігіңді,
Бөліп жедің ырыздық несібеңді.
Анаң тілін - жасасаң аяқ асты,
Бола алмаймын ағайын, кешірімді.
Өзге тілдің бәрін біл санаң барда,
Оқы, ізден, қам жаса, надан қалма.
Өз тіліңді ешқашан төмендетпе,
Өз түғырың Отаның - анаң барда.
Сөйлесіп түр екі қыз өзге тілді,
Қазақ болар тартады көз де, түр де.
Шашын қыйып, сарыға бояп қойған,
Ернін бояп жағыпты көзге сүрме.


Иман ұятты шалған ел құрбандыққа,
Ар-намысың түбінде ояна ма.
Өз бояуы өзінде тұрғандықтан,
Әжелерің беттерін боямаған.
Өз намысын қорғамас ел болмаған,
Намысты ер біреуге жем болмаған.
Ақ сүтімен ананың тілін білген,
Абай, Мұхтар ешкімнен кем болмаған.
Ей ағайын, қараңдар жан-жағыңа,
Құлағың сал ақынға - зар жағыңа.
Тіл беделі төменден тұрған тұста,
Жүгінейік бір кезек арға мына.
Өз тілінде сөйлессе жарамас па?
Өзге тілде сөйлейді бала-бақша.
Мемлекет тілімен сөйлеспей ме?
Мемлекет төрінде араласса.
Ұрпақты біз қалайша сөге аламыз,
Өзге тілде сөйлессе өз анамыз.
Ана тілін жасаса аяқасты,
Қалай Ұлы мемлекет бола аламыз?





Пікір жазу