05.11.2022
  451


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Ана жүрегі

Қуанышым, көз нұрым, қарашығым,
Сезе ме екен жүрегін анасының.
Жамандығын жанымның көрмей жүрсем,
Табар еді-ау тағдырым жарасымын.
Көп қараймын, құлыным, қабағыңа,
Отырамын қуанып талабыңа.
Сен куансаң мәз-мәйрам боп жүремін,
Бөленемін бақыттың шанағына.
Сәл ұзасаң отырам алаң болып,
Кетсе екен деп тілеймін адам болып.
Бір адамға қиянат ете көрме,
Алданышым өтейін панаң болып.
Мүлік қуып, құлыным, артынбай жүр,
Адамдықтан ешқашан тартынбай жүр.
Қиындық та кездесер бүл өмірде,
Уайым шегіп ешқашан сарқылмай жүр.
Басың аздап ауырса, жаным шығар,
Жақсы болсаң жанботам, бағым шығар.
Ауыр тисе бір сөзім жай түсіндір,
Қатты айтсаң кұлыным сағым сынар.
Ұқшы жаным, бақыттың не дегенін,
Жақсы болсаң мен мәңгі көгеремін.
Қара суды уайымсыз ұрттағаным,
Үлде менен бүлдеге бөлегенің.





Пікір жазу