09.10.2022
106
Баланың қырқынан шығару ырымын жасағанда, өберелі-шөберелі қарт бәйбіше қырық қасық суды баланың үстіне құйып тұрып: «Отыз омыртқаң жылдам бекісін, қырық қабырғаң жылдам қатсын» деп тілек айтады. Баланы шомылдыратын легеннің түбіне қырық құмалақ тас, жүзік сияқты заттар салынады. Сақина, жүзіктерді бала шомылдырған, көмектескен әйелдер бөлісіп алады.