07.10.2022
  116


Автор: Түрік поэзиясы

Үміт

Түлен түртсе нəтижесіз болады іс,
Шаршатыпты-ау жұтқан шаңың, жол алыс.
Тəн болдырып, үзіліпті-ау үмітің,
Соны ойласаң үһілейсің күні-түн.
Достарың да айналыпты жауыңа,
Қалдырыпты дүниенің бос дауына.
Тамшы тамбас бұлттан да жоқ көмек,
Өзенің де құрғап қапты өкпелеп.
Сағат сынды сынған құлап мəңгіге,
Сала алмайсың жанға жайлы əнді де.
Барлығы енді – өткен күндер елесі,
Өзек болар əңгімеге келесі.





Пікір жазу