07.10.2022
  68


Автор: Орхан Уəли КАНЫК

ЖҰМЫССЫЗ

Күнде ертемен бояп қоям аспанды,
Сіз тұрасыз да көкті көресіз тұңғиық,
Көкті көресіз тым биік,
Осы менің жұмысым.
Теңіз бу боп ұшып жатса ыстықтан,
Оны тағы кім толтырарын білмейсіз,
Ал толтырар тағы менмін,
Білгейсіз.
Мені кейде құр сандалып жүргендей
Көресіз-ау;
Онда да мен жұмыс істеп жатамын.
Басымды ойлайым ішіндегі басымның,
Асқазанды ойлайым жəне іштегі,
Аяқты ойлайым аяғыма қарайым да,
Өзім де ұқпан,
Бəрі осының түс пе еді?!





Пікір жазу