Орхан Уəли КАНЫК

1914 жылы Стамбұлда дүниеге келіп, 1950 жылы осы қалада қайтыс болған ХХ ғасырдағы атақты түрік ақындарының бірі. Бүркеншік есімі Мехмет Али Сел.
Стамбұл университетіндегі əдебиет факультетінің философия бөліміндегі оқуын 1935 жылы тастап кеткесін, əскери қызметте болып, біраз жыл мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасады. 1949-1950 жылдары «Жапырақ» əдеби журналын шығарып тұрды.
Ақындар Мелих Жеудет Андай жəне Октай Рифатпен достығы 1941 жылы «Үштаған» əдеби бірлестігін құруға ұласқан Орхан Уəли Канык бүгінгі түрік поэзиясында соны бетбұрыс жасаған тұлға ретінде бағаланады.
«Неден бас тартқым келмейді» (1945), «Дастан секілді» (1946),
«Жаңа леп» (1947), «Кедергіге қарамастан» (1949) секілді жыр жинақтарының авторы.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: