07.10.2022
  101


Автор: Орхан Уəли КАНЫК

ЖАЙСАҢ КҮНДЕР

Мені құртқан жайсаң күндер дəл осы,
бəрі, бəрі осы күннің бəлесі:
Эфкафтағы жұмысымды тастадым,
дəл сол күні шылым тарта бастадым.
Мені құртқан жайсаң күндер,
есек пе ем:
үйлендім мен қорыққаннан өсектен.
Үйге нан мен тұз əкелуді ұмыттым.
Жерік болды жарым жырға сол күні,
өзім жыр деп ашыққан ем,
құнықтым.
Мені құртқан жайсаң күндер дəл осы.





Пікір жазу