07.10.2022
  86


Автор: Орхан Уəли КАНЫК

СЕНДЕР ҮШІН

Бəрі, бəрі сендер үшін ағайын,
барлық бақыт, бар ұғым:
күн де, түн де – сендер үшін ағайын,
күндіз – шуақ,
түнде – айдың жарығы.
Ай астында жапырақтың дірілі,
Бұталардың қалғып ойға шомғаны;
қиялшыл ғой,
ақылды ғой жапырақ,
жазығы тек – жеңілтектеу болғаны.
Күн астында мың бір бояу оянар,–
Сары, қызыл, ақ, көгі де – сен үшін.
Маңдайыңнан сипағанда –
алақанның жылуы
табиғатқа біткен ұлы келісім,
бəрі, бəрі сен үшін.
Денедегі жұмсақтық пен жылылық,
Сендер үшін көрген түстің тəттісі.
Туар айдың астында бар ұлылық,
Кеткен күндер көз көрмейтін жаққа ұшып.
Жағадағы кемелердің желкені,
Сендер үшін желбірейді, ағайын.
Хат тасушы хатын ұстап қабынып,
Сендер үшін келді дейді, ағайын.
Бейнетқордың аққан тері маңдайдан,
Ысқырына ұшқан оқтар – қан майдан,
Сендер үшін құлпытастар, молалар,
Түрме, бұғау, өлім – жаза,
қайғы, қырсық –
Итің сын-ды қарғылы...
сендер үшін барлығы.





Пікір жазу