07.10.2022
  139


Автор: Жахит Сытқы ТАРАНЖЫ

Жүрек

Бір жапырақ ет секілді,
Қып-қызыл оттай жүрегім.
Сенде – Тағдырым,
Махаббат, Өрлігім:
Ізгілік – тілегім,
ақын-жүрекпен
Өмір сүремін.
Өзіңсің Қожам да, Ием де!
Тоңам ба, күйем бе?
Талса да білегім,
Тоқтама жүрегім.
Ақын-жүрекпен,
Өмір сүремін.
Сүріндім, құладым,
Кімдерге ұнамай, кімге ұнадым?
Тірлік дегеннің,
Тоқтамас сынағы.
Өзіңді тыңдасын,
Көзім мен құлағым.
О, менің кішкентай жүрегім!
Киелім!
Өлең боп өріліп,
Өлең боп төгіліп,
Қиын сəттерде
Мені сүйедің.
Жүрегім – реңім, лебім...





Пікір жазу