06.10.2022
  96


Автор: Түрікмен поэзиясы

Үміт

Сенің сұлу əріңе
Кім қызықпас мəн берсе.
Бірақ соның бəрі де
Сүйе алмайды дəл менше...
Мен бір соқыр көбелек,
Ал сен жанған шамдайсың.
Қанша ерсем де дөңгелеп,
Көз қырыңды салмайсың.
Кім қызықпас аруға,
Үміттің шамын жаққанда.
Табынар жандар барында
Сұлулық саған мақтан ба.





Пікір жазу