06.10.2022
  152


Автор: Түрікмен поэзиясы

ӨЗІМ ҚАРА БОЛСАМ ДА – ЖҮРЕГІМ АҚ

Қара дейді ел мені,
Кім кінəлі бұл үшін.
Бекер демен мен де оны,
Айтады жұрт дұрысын.
Түн сияқты кірпігім,
Білем оны өзім де.
Көмірдей боп,
Шын сырым,
Тұр ғой жанып көзімде.
Дейді мені біреулер
Қап-қара боп туыпты.
Тудым бұлай мен неге,
Сырын оның, кім ұқты.
Келістім мен бұған да,
Айтқандардың көбі шын.
Қара болып туғанға
Мақтанамын сол үшін.
Бұл түрімді əманда
Өзім аққа баладым.
Үйткені мен адамға
Ақ жүрекпен қарадым.
Ұқсамаймын мен аққа,
Қап-қарамын, бəрі анық.
Өмірімде бірақ та
Жасағам жоқ қаралық.





Пікір жазу