06.10.2022
131
Ақын жүрегі
Өмір бойы елімді жырға қосып келемін,
Ең жақсы əнім алайда айтылған жоқ əлі де.
Ауылдарды аралап, көп жақсылық көремін,
Ақын жаны, жүрегі шаттанады бəріне.
Атакопек ақынның жадында тұр бəрі де,
Ызғары да аяздың, жаздың құрғақ шөлі де...
Ал жүрегі ақынның келер ғасыр əніне
Шаттанады, бақытты күндер тілеп еліне.
Саған бəрін арнадым: əн-жырымды сөзімді,
Өзіме де мен содан таптым байлық, қазына.
Көктемгі қыр гүлдері арбап алған көзімді –
Жүрегіне ақынның сый боп қонды тағы да.
О туған ел, байтағым, тағдырымсың сен менің,
Егер өзің болмасаң, жарық дүние – қараңғы.
Қиындықтың бəріне өзің барда төземін,
Тек сенімен қоштасар күн тумаса болғаны.