02.10.2022
  138


Автор: Төреғали Тәшенов

Саған деген жүрегіме қонып түн...

Саған деген жүрегіме қонып түн,
Саған қарсы жылдар бойы жорттым.
Бұ дүниенің... о дүниеге
ақысы
кетпейді екен, жетпейді емес. Соны ұқтым.
Кектенумен өтті қанша есіл күн,
Кеш те болса кіргеніне есімнің
Шүкір деймін... бұл аз күндік жалғанда,
Кешірмейтін не бар дейсің... кешірдім.
Кешіргін...





Пікір жазу