02.10.2022
178
Ана тілін ардақтау ...
Ана тілін ардақтау –
Мақсат еді зор болған.
Тілмен ойнар қақпақыл
Қайран тілім қор болған.
Тіл туралы гулесіп
Мәжілістер жалғасқан.
Мәресіне жетпей жүр
Қол сілтесіп дауласқан.
Даурықса да қанша кеп
Бір шешімін таппайды-ақ.
Тақылдайды таңдайлар
Мұрт сипасып, тақта ойнап.
Қайран тілім қор болған,
Жөнге келмей сор болған.
Түк бермей жүр «дау-дастан»
Көз бақшитып бекерге
Жүйке құртып жауласқан.
Ақ сүтімен шығатын,
Сәби тілін ананың
Бесігінде жатқаннан,
Тәй, тұрып, қаз басқаннан
Ойлау қажет әу бастан!