Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, сатып алу емес тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Кәсіби оқыту | Ағаш бұйымдарын жасау технологиясы және окыту әдістемесі

Қазіргі кезде елімізде ұлттық құндылардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Оған, Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді… Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», -деген сөзі осының айғағы.
Бұл мәселе: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында- «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» – деп көрсетілсе, Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында – орта білім берудің негізгі мақсаты мен міндеті – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыларды азаматтыққа, елжандылыққа, өз отанын сүюге тәрбиелеу және білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдайлар жасау және осы қойылған міндеттерді іске асыру үшін білім берудің мазмұнын, дүниені тұтастай қабылдауды, қамтамасыз ететін өнер, еңбекке баулу сияқты білім беру салалары арқылы жүзеге асыру қажет деп анық айтылған[1,2].
Ұлт мәдениетінің оның қолданбалы өнері арқылы жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері туралы ой- пікірлердің қалыптасуында Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, т. б. шығармалары мен халықтық педагогиканың ұлттық тәрбие мәселесінде алатын орнын зерттеуде А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, т. б. еңбектерінің қосқан үлесі зор. Олар өз еңбектерінде жас ұрпақтардың тәрбиесінің өзекті мәселелеріне байланысты өте құнды пікірлер айтқан. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Волейболшылардың дене қабілеті қасиеттерінің дамуының әдістемелік негіздері

Зерттеудің көкейтестілігі. Бүгінгі күн жағдайында қоғамның әлеуметтік -экономикалық дамуы табысты болуы үшін денсаулығы мықты және дене күштері жетілген тұлғаны тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.
Зерттеу нысаны: арнайы балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі тұтас педагогикалық процесс.
Зерттеу пәні: спорт мектептеріндегі жаттықтыру сабақтарының мазмұны.
Зерттеу мақсаты: жас спортшылардың дене қасиеттерін тәрбиелеудің әдістемесін жасау және теориялық жағынан негіздеу.
Зерттеу міндеті:
Нарықтық экономика кезеңінде тұлға мен қоғам дамуына өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын нығайту өте қажетті және жоғарғы дәрежеде дене тәрбиесі жағынан даярлау аса маңызды педагогикалық міндеттердің бірі болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
• Жас ерекшеліктерін ескеріп оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесі жасалынды;....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ветеринария | ЖШС Амиран шаруашылығындағы суалған буаз сиырлардың желінсау ауруын емдеу шараларын зерттеу

1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы.
Сүтті ірі қара шаруашылықтарына едәуір зиян келтіретін аурулардың бірі. сиырдың желінсау (мастит) ауруы. Желінсау сүт бездерін қабындыратын қатерлі кесел. Ол жылдың кез келген мезгілінде, сиыр сауылып жүргенде, тіпті суалған кезінде де пайда болады. Желінсау ауруынық әсерінен кейбір шаруашылықтардың сүт өндіру көрсеткіші едәуір төмендейді. Желінсау ауруы. сүт бездерінің зақымдануының әсерінен болады. Ол аурудын, белгілері сипатына қарай білінбей (суб.клиникалық) немесе ұйыма түрде (серозды), катаральды, фибринозды, іріңді, геморралогиялық қабыну түрінде етіп, малды өлім.жітімге ұшыратуы да мүмкін.
Әсіресе клиникалық белгісінің байқалмауынан және оны ажыратудың қиынға соғуына байланысты субклиникалық желінсау өте қатерлі болып табылады. Өйткені, субклиникалық желінсаумен ауырған сиырдың сүтін пайдалану адамның немесе жас бұзаулардың денсаулығына да зиянды болады. Мұндай жағдайда, желінсаудың бұл түрінде сүттің түсі әдеттегі сүттен айырмасы болмайды, бірақ оның құрамында патогенді (патогенный) немесе токсигенді микрофлора болады. Ол адам мен жануарлар үшін де зиянды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Педагог мамандарға қойылатын талаптар

КІРІСПЕ
Диплом жұмысының көкейтестілігі: Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті дамыған 50 елдің қатарына кіру үшін ең алдымен білім беру жүйесінің реформалау қажет. Қоғамның даму деңгейін, елдің экономикалық қуаты, ұлттық қауіпсіздік білім беру жүйесінің қалыптасуына маңызды рол атқарады.
Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны білім беру саласында жаңарту қажет. Қазіргі таңда білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр. Оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болмауы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штатт санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер тигізіп отыр.
Әлемнің алдындағы қатарлы елдерінде жоғары және жоғары оқу орныннан кейінгі білім беру жүйесінің дамуын сараптасақ онда кредиттік білім беру жүйесін мамандар даярлауға үш сатылы модульді кеңінен таратқан: бакалавриат, магистратура, Рһ – Д доктарантура. Бұл модуль АҚШ университеттерінде және Европалық көптеген елдерінде қолданылады. Бұл білім беру жүйесі қазіргі таңда академиялық ұтқырлықты және еңбек нарығының тез өзгеріп тұрған шағында мамандарға деген сұранысты қамтамасыз етеді. Осыған орай Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесі педагог кадрларын даярлау барысында олардың біліктілігін арттыру мақсатында білім беру мазмұнын реформалауда.
Көптеген педагогика ғылымдары бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек тәжірибелік жағында көптеген кемшіліктері бар екендігін көруге болады. Сондықтан біз зерттеп отырған мәселе бойынша Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін педагогикалық қызметті дамыту үшін мұғалімнің ақпараттық коммуникациялық,мәдени және жаңа технологияларды қалыптастыратын механизімдерді іске асыру қажет
Диплом жұмысының мақсаты: осыған орай біз өз дипломдық жұмысымызда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің даму тенденциясын жан – жақты талдауды, оның тәжірибеде алатын орнын мақсат етіп қойдық.
Зерттеу міндеттері:
- білім беру жүйесінің жай-күйін аңықтау;
- қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің педагогикалық қызметін зерттеу;
- мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығы мен ақпараттық мәдениетін арттыру;
- білім берудегі ақпараттық технологияларды іске асыру.
Диплом жұмысының объектісі: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің динамикасы болып табылады.
Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасының білім беру стандарттары, білім беру технологиялары, типтік бағдарламалар және оқу жұмыс жоспарлары.
Дипломды зерттеудің әдіснамалық негіздері:
Білім беру жүйесін зерттеген орыс ғалымдарының еңбектері:
М.В Лебедева, О.Н.Шилова, Д.Ш.Матрос, Д.М. Полев, Н.Н.Мельникова,
А.Л.Зимин, Е.К.Хеннер, В.А.Каймин, А.П.Шестаков т.б.
Қазақстан Республикасының білім жүйесінің реформалауға үлесін тигізген ғалымдардың еңбектері Қ.Қоянбаев, Р.Қоянбаев, Н.Д.Хмель, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Қ.Бержанов т.б.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Бурабай ұлттық табиғат паркінің ландшафттық ерекшеліктері

Тақырыптың өзектілігі: Бұл бітіру жұмысымның тақырыбын осылай алу себебім: жеріміздің әсем де, сұлу табиғатын, оның табиғат қорларын, ондағы казіргі өзекті экологиялық жай күйін жазғым кеді.
Орманды рекреациялық мақсатта қолдану орман биогеоценоздарының бұзылуына, әсіресе бұл демалушылардың көптеп жиналған аймағында (жағажай маңы, сауықтыру орталықтары, балалар лагері) анық байқалады. Орман экожүйесіне рекреацияның кері әсері көбнесе оның түріне байланысты.
И.Л.Трапидо рекреацияның орман биогеоценоздарына әсерінің түрлерін көрсеткен/1/:
- механикалық әсер:
а) таптау
б) зақымдау (өсімдіктер, саңырауқұлақтар, алау жағу арқылы топырақты күйдіружануарларды үркіту, ағаштарды зақымдау)
- Келушілер әсері:
а) органикалық және органикалық емес заттармен (азық-түлік, қағаз, металл)
б) жаңа биологиялық түрлер тарату (әр түрлі өсімдіктер тұқымдары арқылы) ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Информатика | Информатиканың териялық негіздері» оқулығының электрондық нұсқасы

КІРІСПЕ
2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу құқығын әдейі баса көрсеткім келеді деп нақты атап көрсетті. Біз электрондық үкіметпен бірге ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді пайдаланамыз.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмайды, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
Жоғарғы оқу орны секілді мектептердің де оқыту жоспарын басқару жүйесі қатқыл, динамикалық жүйе болу керек. Яғни, бұл жүйеде көзделген жоспарларды тиімді қарастыру керек, барлық өзгерістер мен жаңа тенденцияны оперативті түрде ескеру қажет. Әр Жоғарғы оқу орны мен қатар мектептердің білім беру саласын басқару үшін үлкен мүмкіндіктері байланыс құралы мен есептеу техникасын қолдану қажетті дүние болып табылады. Заманауи кезде Жоғарғы оқу орнын басқаруда автоматтандырылған жүйенің енуі және белгілі бір өңдеу тәжірибесі жинақталған.
Ұйымдастырылған жүйеде қиынырақ жұмыс болып ақпаратты өңдеумен байланысқан процестер жатады. Ол ақпараттарға – жинау, қайта өңдеу, бейнелеу, сақтау, жіберу, тасымалдау және шығару жатады. Осы процестерді тездету және мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер көмектеседі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Жарнамадағы нейролингвистикалық бағдарламалау

КІРІСПЕ
Нейролингвистика – тіл ғылымының жаңа саласы ретінде танылып жүр. Ал нейролингвистикалық бағдарламалау – адам санасына сөйлеу арқылы ықпал ету нейролингвистиканың бір бөлігі болып табылады. Нейролингвистикалық бағдарламалауды жарнама саласында тілді қажеттілігне қарай тиімді қолдануға, норманы сақтауға,т.б үшін қолдануға болады.
Баспасөз құралдары, газет – журнал, радио, теледидар, тіпті ғаламтордың өзінде көптеген жарнама мәтіндерін кездестіруге болады. Ал, осы жарнамалар адам санасына қалай әсер етеді? Сондай-ақ, жарнама мәтінінің әсерлі, көпшілікке түсінікті, терең мағыналы болуы үшін оған нақты құралдарды пайдаланған жөн. Бұл тұрғыдан алғанда нейролингвистикалық бағдарламалаудың жарнама үшін таптырмас құрал екені айқын.

Зерттеу жұмысының нысаны: Нейролингвистикалық бағдарламалау мен оның ерекшеліктері, тіл біліміндегі алар орны.

Зерттеу жұмысының мақсаты: қазіргі Қазақстандағы жарнама тіліндегі нейролингвистикалық бағдарламалаудың тілдік ерекшеліктерін қарастыру, бірнеше тілде қатар беріліп жүрген жарнама мәтіндерінің құрылымына талдау жасау.


Зерттеу міндеттері:
 тілдік сана, сөйлеу әсері, жарнама дискурсы ұғымдарына түсініктеме беру;
 қазіргі тіл білімінің негізгі бағыттарының бірі болып саналатын нейролингвистиканың негізгі даму кезеңдерін көрсету;
 нейролингвистикалық бағдарламалаудың негізгі түрлері мен тәсілдерін анықтау;
 нейролингвистикалық бағдарламалаудың көптілді қоғамдағы жарнама мәтіндеріндегі көрісін айқындау


Зерттеу жұмысының әдіс – тәсілдері: Зерттеу жұмысында материалдарды жинақтау, сұрыптау, байқау, интросппекция, жүйелеу, талдау, т,б әдіс – тәсілдер қолданылды. Көрсетілген әр бір әдіс көзделген мақсаттарға жету үшін зерттеудің белгілі бір кезеңдерінде қолданылды.


Зерттеудің дереккөздері: Бітіру жұмысында әр түрлі телеарна, радио, газет – журналдарда беріліп жүрген жарнамалар, әр түрлі сөздіктер, интернет – сайттар пайдаланылды.

Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Сөзжасамдық жұп және оның мағынасы

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі Сөзжасамдық жұп дегеніміз сөзжасамдық ұядағы себепші негіз бен соған негізделіп жасалатын туынды сөздің жұбы. Сөзжасамдық жұпты кейбір ғалымдар сөзжасам жүйесінің негізгі бірлігі ретінде қарастырады, сөзжасамдық ұяның, сатының, тізбектің бірлігі ретінде қарастырады.
Бірқатар ғалымдар, атап айтсақ, А.И.Моисеев, Л.К.Жаналина, т.б. өздерінің еңбектерінде сөзжасам жүйесінің негізгі бірлігі ретінде сөзжасамдық жұпты көрсетеді.
А.И.Моисеев ғылыми еңбектерінде «основная единица словообразования происходит в пределах словообразовательных пар; почти все ... явления словообразования можно обнаружить в этих пределах: производное слово, производящее слово, средство и способ словообразования, словообразовательное значение; а словообразовательные гнезда и типы сводимы к словообразовательной паре, т.е. могут быть равны ей ... словообразовательные в миниатюре» - деген ой тұжырым жасайды.
Ал, ғалым Л.К.Жаналина өзінің ғылыми еңбектерінде сөзжасамдық жұпты сөзжасамның негізгі бірлігі деп танып, оған мынадай сипаттама береді: Словообразовательной парой называется объединение мотивированного слова на основе отношения формально-семантической выводимости, т.е. словообразовательной ммотивации, с мотивирующим. Именно словообразова-тельная пара является основной единицей словообразовательной системы, так как она отвечает всем требованиям языковой единицы. Сомнение сожет вызвать ее элементарность.
Осы мәндес тұжырымды З.Бейсембайқызының «Қазақ тілін модуль негізінде оқыту» деген еңбегінен кездестіруге болады. Онда: «Негізгі сөзжасамдық құбылыстардың бәрі осы сөзжасамдық қосақтан тарайды. Сондықтан, сөзжасамдық қосақты «шағын сөзжасам» деп те атайды. Осыған орай, сөзжасамдық талдаудың да негізгі единицасы – сөзжасамдық қосақ болып табылады» - делінген.
А.Салқынбай «Қазақ тілінің сөзжасамы» атты еңбегінде сөзжасамдық жұпқа мынадай анықтама береді: «Сөзжасамдық жұп – сөзжасамдық ұяның ең кіші бірлігі. Сөзжасамдық жұпта екі ғана мүше қатысады. Себепші негіз бен соған негізделіп жасалатын туынды сөздің жұбы. Сөзжасамдық жұпты құраушы тұлғалар өзара ұғымдық, тұлғалық және мағыналық байланыста болады» /1, 119/.
Б.Есімсейітов «Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектердің құрылысын синхронды тұрғыдан сипатау» деген еңбегінде сөзжасамдық жұпты: «Сөзжасамдық тізбектегі синтагматикалық қатынас негізінде сөзжасамдық жұп жасалады. Сөзжасамдық жұп – негіз сөз бен одан жасалған туынды сөзден тұратын екі құрамды сөзжасамдық құбылыс» - деп түсіндіреді. Яғни ғалымның еңбегінде сөзжасамдық жұп сөзжасамдық тізбектің құрылымдық бірлігі ретінде қарастырылады.
Сөзжасамдық жұп өз алдына жеке зерттеу нысаны ретінде қаралмаған, десек те кейбір еңбектерде сөзжасамдық жұпқа анықтамалар беріліп, сипаттама жасалған. Бұл ретте Н.О.Оралбаеваның, А.Салқынбайдың, Б.Есімсейітовтың, З.Бейсембайқызының еңбектері мен мақалаларын көрсетуге болады. Сөзжасамдық жұп негізінен сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық тізбек мәселелеріне арналған еңбектерінде сөз болады. Бұл еңбектерде сөзжасамдық жұп сөзжасамдық ұя, тарам, тізбектердің қарапайым бірлігі ретінде қарастырылады....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқық | 12 жылдық білім беру жүйесінде мектеп оқушыларына құқықтық білім мен тәрбие беру

Қазіргі кезде елімізде 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмыстары жан-жақты талқыдан өтуде.Ондағы басты ұстаным - тұлғаның жеке дамуына негізделген, құқықтық білім мен тәрбиені жан-жақты зерделеп, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын анықтау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатындағы стратегиялық мақсаттарын іске асыру. 12 жылдық білім беру сатысына көшу-қоғамдағы елеулі жаңалықтар мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарқынды дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздейді және мақсат етеді. Әлемдік білім жүйесіндегі оқытудың озық технологияларын қамтумен қатар, оқушыларға құқықтық білім мен тәрбие беру мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс.
12 жылдық оқытудағы басты мақсаты төмендегідей:
• жылдам дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілеттілігі;
• жеке тұлға өзін-өзі дамытуы, шыңдалуы;....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қазақ - қытай тілдеріндегі еліктеу сөздерді салғастыра зерттеу

Кіріспе
Еліктеу сөздер қытай-қазақ тілдерінің қай-қайсысында да өзіндік дара сипаты бар, ерекше, оқшау сөз табы ретінде қаралады. Оған еліктеу сөздердің басқа сөз таптарына ұқсамайтын қалыптасу жолдары, мағыналық-құрылымдық ерекшеліктері, сөйлем құрамындағы орны мен рөлі, қолданылу икемділігі т.б. жақтары себеп болған. Диплом жұмысында екі тілдегі еліктеу сөздердің жоғарыда аталған өзіндік ерекшеліктерін салғастыра отырып, олардағы ортақтықтарды тауып, өзгешеліктерді айқындауға баса мән берілді. Мүлде ұқсамайтын екі жүйеге тән тілдер бола тұрса да, олардағы еліктеу сөздердің пайда болуы мен қолданылу жақтарындағы өзгешеліктердің болуына қарамастан, көптеген ортақтықтардың да барлығын байқауға болады. Сондықтан, жұмыста екі тілдегі еліктеу сөздерді салғастыра қарастыруды негізгі мақсат еттік.
Тақырыптың өзектілігі
Қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздер әр екі тілде өз алдына жеке зерттеліп келсе де, қазірге дейін оларды арнаулы салғастыра зерттеген ғылыми еңбек жоқ. Сондықтан бұл тақырып көлемінде салғастыра зерттеу жүргізу қазақ-қытай тіл білімі үшін күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Екіншіден, еліктеу сөздерді жан-жақты зерттеу практикалық қытай тілі пәнін оқыту процессінде студенттердің еліктеу сөздердің ерекшеліктерімен толық танысуы, жан-жақты түсінік қалыптастыруы үшін қажет. Үшіншіден, біз диплом жұмысын жазу барысында еліктеу сөздер жөніндегі қытай тіл мамандарының көптеген зерттеу еңбектерін пайдаланып, оларды жүйелеп, негізгі көзғарастарды іріктеп алып, олардың ортақ және өзгеше жақтарын саралап көрсетуге күш салдық. Бұл ғылыми еңбектер мен көзғарастар бұдан кейінгі еліктеу сөздерді зерттеушілер мен еліктеу сөздер жөнінде жазылатын оқу құралдарына пайдалануға болатын құнды материал деп білеміз.
Жұмыстың зерттеу нысаны
Қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздер, олардың зерттелуі, лексика-грамматикалық ерекшеліктері.
Зерттеу әдісі
Жұмыста салғастырмалы зерттеу тәсілі қолданылды.
Жұмыстың мақсаты
Қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздер жөніндегі бұрын-соңды жарық көрген ғылыми еңбектерді басшылыққа ала отырып, екі тілдегі еліктеу сөздердің ортақтықтары мен айырмашылықтарын айқындау, қазақ тілімен салғастыра отырып қытай тіліндегі еліктеу сөздердің өзіндік сипатын, әсіресе, еліктеу сөздердің қолданылу ерекшеліктерін жан-жақты ашып көрсету. Сөйтіп, қытай тіліндегі еліктеу сөздерді оқытуда кездесетін қиын түйіндерді теориялық тұрғыдан да практикалық жағынан да талдап түсіндіру болып табылады..
Жұмыстың негізгі міндеті
Зерттеу мақсаттарына сай, қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздердің лексика-семантикалық сипатын, жеке сөз табы болуындағы негізгі грамматикалық белгілерін айқындау, еліктеу сөздердің морфологиялық құрамын, жасалу жолдарын, қолданылу ерекшеліктерін көрсету.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы
Қытай тілін оқыту практикасында студенттердің қытай тіліндегі еліктеу сөздерді үйрену, игеру барысында кездесетін қиыншылықтар ескеріле отырып, еліктеу сөздердің лексика-грамматикалық сипаты, әсіресе, қолданылу ерекшеліктері, сөйлемдегі басқа сөздермен байланысы, синтаксистік қызметі, фонетикалық ерекшеліктері, морфологиялқ құрамы нақты мысалдар арқылы жан-жақты көрсетілді. Екі тілдегі еліктеу сөздердің өзіндік ерекшеліктері салғастырыла отырып, олардың ортақ және өзгеше жақтары сараланды. Қытай тіліндегі үнемі қолданылатын еліктеу сөздер іріктеліп алынып, әр қайсысы жеке-жеке мысалдармен түсіндірілді.
Жұмыстың теориялық мәнділігі
Қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздердің зерттелуі, лексика грамматикалқ ерекшеліктері, қолданылуы, синтаксистік қызметі т.б. туралы байымдаулар мен талдаулар алдағы уақытта қытай тіліндегі еліктеу сөздерді зерттеуге қызығатын студенттер мен магистранттардың зерттеу жұмыстарына теориялық жақтан пайдалануына негіз болады деп ойлаймыз.
Жұмыстың практикалық мәнділігі
Жұмыста келтірілген қытай-қазақ тілдеріндегі еліктеу сөздерге қатысты көнтеген нақты мысалдар мен оған қатысты талдау, сипаттаулар студенттердің практикалық қытай тілін оқу барысында кездесетін еліктеу сөздерге байланысты қиын түйіндерді түсінуіне көмектеседі деп ойлаймыз.
Тілдік материадардың сипаттамасы
Жұмыста еліктеу сөздер жөнінде қазақ-қытай тіл мамандары жағынан жазылған арнаулы зерттеу еңбектері, сондай-ақ, жоғары оқу орындарындағы қытай филологиясымен шұғылданатын оқушылар мен оқытушыларға арналғн оқу құралдары негізгі материал ретінде пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы
Жұмыс кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңынан пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық