Тарих | Қазақтың жүздері

Балқаш, яғни Теңіз көліне құятұғын Қаратал өзенінен Сырдария һәм Шыршық өзеніне шейін Қаңлы, Дулат нәсілі. Бұл Дулат бұрыңғы Чуйский нәсілінен. Арғы түбі Қара қырғыздан шыққан. Ғайса пайғамбардан 150 жыл бұрын күнбатыстағы Алатауға келген. Сол Дулаттың оң тұс күнбатысына келген көп Қаңлы және Қаңлының Шанышқылы деген табы ұлы жүздің ең көбі Дулат болған. Оның ішінде ботбай, шымыр, сиқым, жаныс, албан, суан. Албаннан шыққандары: қызыл бөрік, қоңыр бөрік, айт бозым, сегіз сары, құрман,әлжан, қиыстық және Іле өзенінің сол тұс жағында ескі үйсін нәсілінен сары үйсін бар. Оның рулары – құттымбет, жанай, жолай, танай, жан досай, құлүке, қырық деген.
Ұлы жүздің Дулаттан соңғы көбі Жалайыр болған. Оның рулары: андас, мырза, қара шапан, орақты, Сыпатай.
Жалайыр бұрыңғы уақытта бек көп ел болған және ұлы жүздің Шапырашты, Ысты дегендері Алматыға қарайды. Сіргелі мен Ошақты Сырдарияға жақын. Бұл төртеуі Қаңлыдан шыққан.
Ұлы жүздің энциклопедиялық анықтамасы – қазақ халқының этгикалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық және мәдени бірлестігі.

Ұраны: Қауға беріп қойға қой
Таңба: Нәл таңбасы Ω ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары

Олар көбіне-көп тарих қойнауының шырғалаң шатқалдарында шырмалып, цивилизация дамуының сарабдал жолдарының түрлі себептермен тыс қалып қойды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранында жазылғандай:
«Жаралған намыстан қаһарман халықпыз
Азаттық жолында жалындап жаныппыз.
Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен
Аман-сау қалыппыз, аман-сау қалыппыз».
Ол мыңжылдық тарихымен ерекшелігі және өміршеңдігімен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен әлем назарына ілінді. Ұлы Далада, көшпелі цивилизацияның негізін құраған, қыпшақтар даңқының үстемдігінің ерте құлдырауы, тиісінше Қазақтың құқықтық мәдениетінің беделі мен ролінің құлдырамауына соқтырмағандығы таң қаларлық жағдай. Бұл қайшылықты Қазақ ата заңының аумағы кең даланың «еркіндік» қабілетінің сақталуымен «оқшау» орналасуымен түсіндіруге болады. Дегенмен де, ортағасырлық қазақ даласындағы мәдени-шаруашылық тоқыраудың белең алуы, өркендеп өскен басқа елдерден көш-құрым артта қалуы қоғам дамуына да әсерін тигізбей қоймады. Ұланбайтақ Орталық-Азия аумағы тарих сахнасының соңғы шебіне ысырылып тасталды да, ұзақ ұақыт бойына ұмыт қалды. Жат елдердің көшпелілер даласына отарлау саясатының іске асуымен байланысты қазақ қоғамы тарих бетіне қайта ене бастады. Бұл өзгерістер қазақ құқығының кейінгі тағдырында да және оған баға беруден де көрініс тапты.
Ол жоқтан бар етіп, біреулердің ойдан шығара салған қиялы болған жоқ. Сондықтан да халық арасында: «Ханда қырық кісінің ақылы бар, биде қырық кісінің ары, білімі бар» деген түсінік қалыптасқан.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақтардың қол өнерге байланысын әдеп ғұрыптар мен салт дәстүрлері

Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу мүсіндеу құрастыру, бейнелеу сияқты творчествалық өнер жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсының талай ғасырлық тарихи бар.
Қазақ халқы өзінің күн қөріс тіршілігіне қажетті үй жай салуды, киім-кешегімен тігуді, азық –түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнге тіршілігін барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанатта құра білді. Бұдан біз халық, творчествасының қандай түрі болса да халық өмірімен сай халықтың қоғамдық тарихы мен күн көрісі мен, кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз.
Халықтың қол өнеріне әдет-ғұрып жабдықтары мен қатар аң аулау, сырмақ тоқу т.б. жасады. Киіз үйдің сүйегі ағаш керует, кебеже , сандық жасап киіз сырмақ, алаша, ши түрелрі басқұрлар тоқып арқан жір есіп көнені және алуан ыдыс-аяқ адалбақан, асадал, бесік және т.б. көптеген заттарды халық шеберлері өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен жекелейтін болды.
Қол өнерінде көңілге қонымды мәнерлер мен ондаған өолданылған әдістер архитектурада кеңінен қолданылып келеді.
Қайта жаңғырып жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халықтың педагогика бұл күнде педагогтар қауымына ғана емес бүкіл қоғамымызға ортақ әлеуметтік қозғалыс халықтың педагогика кешегі қариялардан, ойшылдар мен сал-серілерден шешен билерден ақын- жыраулардан мирасч болып қалған ұлы тәрбие құралы оның өміршең идеялары халықпен қайта қауышып, жүректерінен орын алуда.
Ұлттық педагогикалыны насихаттауға қай пәннің болсада ыңғайлы мен мүмкіншіліктері мол. Соның ішінде еңбекке баулу сабақтарында қол-өнеріне үйрету арқылы тәлім-тәрбиені оқу тәрбие процесіне арқау ету негізі міндетіміз. Ұлттық тәрбині жүрекке жаттық болғанымен ауқымы шексіз, белгілі бір жүйеге келтірілген тың дүниелер. Бұл мыналарды педагогикаға пайдалана білу үшін оларды терең оқып үйрену, игеру қажет болады. Осылайша белгілі бір деңгейде игердік-аудеген қол-өнеріне баулу саласының мақсаты. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақстанның түркітілдес елдерімен мәдени-рухани байланыстары

Түркі мәдениеті және өнері жөніндегі ортақ халықаралық ұйымның (ТҮРКСОЙ) құрылуы түркітілдес елдердің бауырлас мәдениеттерін біріктіру және тең құрметтеу мен Түркі әлемі шеңберінде жаңа мәдени кеңістікті құру идеясына негізделген.
ТҮРКСОЙ-дың негізі 1992 жылы көктемде Стамбул қаласында түркітілдес мемлекеттердің мәдениет министрлерінің 1-ші Кездесуі барысында қаланған. 1993 жылы 12 шілдеде Алматы қаласында Ұйымды құрушы және тұрақты мүшелері болып табылатын алты мемлекет - Әзірбайжан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Түрікменстан, Түркия Республикасы және Өзбекістан Республикасы – «ТҮРКСОЙ-ды құру және оның жұмыс істеу Қағидаттары туралы» келісімге қол қойды.
ТҮРКСОЙ түркітілдес мемелекеттер арасында мәдениет және өнер саласындағы байланыстарды дамытумен аймақтық басқаруын іске асырады, мәдени ынтымақтастық саласында мемлекеттік құрылымдарының саяси бағыт-бағдарына байланыссыз Достастық мүшелерінің тең құқығын қамтамасыз етеді. Қызмет түрі, мақсаты және жұмыс қағидаттары бойынша ТҮРКСОЙ, ЮНЕСКО құрылымына ұқсас болып келеді. Бүл ұйым түркітілдес аймақты біріктіруге және ортақ түрік мәдениетінің дүниежүзілік мәдени кеңістіктегі интеграциясын жеделдетуді қамтамасыз етуге бағытталған.
ТҮРКСОЙ аясында түркітілдес мемлекеттердің мәдениет және өнер қайраткерлері қатысатын ірі халықаралық шаралар өткізіліп отырылады. Олар: музыкалық және театр фестивальдары, бейнелеу және қолданбалы өнер көрмелері , жарыстар, ерекше мәні бар күндерге арналған мерейтойлық шаралар, кітаптар және күнтізбелер басып шығару.
Бұл ұйым құрылған кезден бері оның аясында түркітілдес мемлекеттер басшылары деңгейінде 7 кездесу және Мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің 22 мәжілісі өткізілді. Аталған шаралар барысында түркітілдес мемлекеттер арасындағы саяси, сауда және экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды нығайту мәселелері қарастырылған ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақстанның Ресейге бодандыққа өтуі

Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіру, жаулап алу, отарлау Қазақстанның Ресейге қосылуы олардың арасындағы маңызды саяси байланысты үдете түсті. Ресей мемлекеті Шығыстағы өзінің мемлекеттік шекарасын кеңейтуге мүддесін білдірді. Мемлекеттік билікті орталықтандыру және күшейту шаралары бойынша шығыс мемлекеттермен көршілес жатқан халықтармен сауда айырбастау және өзге де қарым-қатынас жасау нысандары айтарлықтай өсті. Ресейдің орта азия хандықтарымен сауда және дипломатиялық қарым-қатынасты Иван IV Қазан (1552), Астрахань (1556) хандықтарын, Сібірдің Оңтүстік-Батысын1 жаулап алуы, Қам сауда жолдарын салу Қазақ хандықтарымен тікелей байланысқа түсуді жеңілдетті. Ресей мемлекетінің Қазақстанға деген қызығушылығы орнатқаннан кейін, XVI ғасырдың 2-жартысында ерекше өсті. Қазақстан арқылы орта азия хандықтарымен транзиттік сауда жолдарын дамытуға мүдделі және көпестік керуендердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге тырысқан Ресей мемлекеті Қазақ хандығының көршілес елдермен саяси жағдай және өзара қарым-қатынас жасауына нақты мүдделер білдірді.
Мәскеу патшалары қазақ хандықтарымен тікелей байланыс жасауды орнатуға ұмтылды. Бұл жерде елшілік байланыстар үлкен рөл атқарды.1573 жылы қазақ даласына Третьяк Чебуков басқарған орыс елшілігі жіберілді. Елшілердің міндеті қазақтармен сауда жасуды қалыпқа келтіру болды. Алайда Чебуковтың дипломатиялық миссиясы Қазақстанның шегіне жете алмады, себебі сібірлік Кучум Маметқұл ханның рулары оларды талқандар тастады. 1577 жылы Ноғай Ордасынан оралып келе жатқан орыс елшісі Борис Доможиров, ол кездегі ноғайларға қоқан-лоққы көрсеткен және Ташкентпен және Үргенчпен байланыста болған қазақ хандығы «әлемдегі патша және ұлы князь» екендігіне көз жеткізді. 1594 жылы Мәскеуге 1-ші қазақ елшісі келді. Тәуекел Құл-Мұхаммед ханның елшісі оның Мәскеуде «аманат» ретінде қалдырылған немересі Ораз-Мұхаммедті босату және Орыс үкіметімен достық келісім-шарт бекіту туралы тапсырмамен келген болатын. Бұдан басқа, ол Борис Годунов арқылы көршілес және жауласып жатқан феодал хандықтарына қарсы күресу үшін «жалынды шайқасқа» қол жеткізуге міндетті еді.
Орыс ханының Тәуекел ханға берген кері грамотасында «жалынды шайқасқа шығу» және қазақтарды олардың барлық қарсыластарынан «қорғау» туралы сөз берілген болатын. XV-XVI ғаысрдың аяғында экономикалық және саяси дамуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген Ресей мемлекеті саяси мақсаттарға ие бола отырып, шығыс шет елдің саудасын марапаттады. 1574 жылы 30 мамырда Яковқа және Григорий Строгановқа Иван Грозныйдың сыйлыққа берген грамотасында Қазақстан және Орта Азия елдерімен сауда жасауға рұқсат етілген. Сауда-экономикалық байланыста екі тарапта бірдей мүдделі болды. Сауда айланымы арқылы қазақтар үй дағдысының заттарын, оқ қаруларын сатып алды, ал орыстар олардан әртүрлі шикізаттар, малдар алды ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі

1953 жылғы наурызда әміршіл - әкімшіл жүйесінің идеологы, КСРО басшысы И.В.Сталин қайтыс болды. Осы жылы шілдеде Сталиннің оң қолы, куғын -сүргін ұйымдастырушысы, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Л.П.Берия барлық лауазымдық қызметкерлігінен босатылып, атылды. Осылай Кеңес Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық, адам құқығын аяққа таптаған үстемдік дәуірі аяқталды.
Бюрократ көсемдер биліктен кеткенінен, оларға мұраға қалған әміршіл-әкім жүйе жойылмады. 1953 жыл шілде, қыркүйек айларында болған КОКП орталық Комитетінің пленумында әміршіл жүйеге байланысты біраз мәселелер көтерілді.
Бұл мәселенің барлығы КОКП XX съезінің басты тақырыптарының бірі болды. Съезде мемлекет басшысы Н.СХрущев кеке адамның басына табынудың жай-жоспары туралы баяндама жасады. Бұл баяндамада И.В.Сталин мен Н.Ежовтың, Л.Берияиың заңға кайшы өрескел әрекеттері, олардың мұраға қалдырған, қолмен жасалған бюрократиялық жүйесі, қылмыстары туралы көптеген дәлелдер келтірілді. Адам құқығының аяққа тапталғаны, көптеген жазықсыз адамдардың сотталып, өлтірілгені де туралы да айтылды. Съезде «жеке адамға табыну және осының салдары туралы қаулы қабылданды. Съездің басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа дейін құпия түрде сақталды.
Бірақ әміршіл-әкімшіл жүйедегі Н.С.Хрущев орны жайлы ештеңе де айтылмады. Мемлекет басшылығының осыдан кейінгі саясаты да дұрыс жүргізілмеді. Мемлексттік дәрежедегі көптеген мәселелер тек қана бірнеше адамның касында болды. Одақтас республикалардың құзырында ештеңе болмады.
Н.С.Хрущев кезінде соңы пікір айтқандар қуғындала бастады. М.С.Хрушев басқарған кездеде биократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП – ның ХХІ съезінде Н.Хрущев социализмнің толық жеңгені, еиді коммунизимге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтылды. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ РӘМІЗДЕРІ

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақстан түркі дәуірінде (VІ-ХІІ ғғ..)

VІ-Х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлексттер Көне жене Батыс түрік қағанаттары еді. Біздің заманымыздың 1 мың жылдығындағы Орталық Азия жерін мекендеген тайпалар одақтарының тарихы бұлармен өзара тығыз байланыста болды. V ғасырға қарай Солтүстік Моңғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейін созылған кен байтақ жердің бәрін тирек (телэ) деген жалпы атпен бірнеше тайпалар мекен еткен. Солардың бірі түрік тайпасы. Түрік деген ат алғаш рет 542-ші жылы аталады. Қытайдьң солтүстік батысында орналасқан Вэй князьдігіне түріктер (туцюе) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған.
546-шы жылы тирек (телэ) тайпалары Монғолияның оңтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға (жуань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумынның (Бумын деп те атаған) басқаруымен тирек (телэ) әскерлеріне шабуыл жасап, быт-шытын шығарып жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді аварларға (жуань-жуань) карсы шығып, авар қағаны үйінің ханшасын Тумынге әйелдікке беруді талап етеді. Авардың қағаны өзіне бұрын тәуелді болып келген түріктердің елшісін үйінен қуып шығады. 552-ші жылы көктемде түріктер аварлардын ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авардың қағаны Анағүй өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Тумын түрік билеп-төстеушілердің қағаны деген атағын алады. Тумын 553-ші жылы қайтыс болады.
Тумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Ол Орхонның жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның мұрагер інісі Еркінді-Мұқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезі 553-572 жылдар Мұқанның тұсында аз уақыт ішінде (553-554 жж.) түріктер шығыста қайлар (татабтар), кидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте Енисей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенеттерді өздеріне қаратты. 563-567 жж. Эфталит патшалығын басып алды. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатты.
Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естемі Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксан Керчті басып алып, 576-шы жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естемі өлгеннен кейін, 582-593 жылдары билік үшін кырқыс басталды. Өзара қыркыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады.
Түрік қағанатындағы өзара қырқыс 603 жылы оның екі дербес Шығыс жөне Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталады. Батыс қағанатының орталығы — Жетісу жеріндегі Суяб қаласы (қазіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде).
Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жердің бәрін алып жатты. Қағанаттын негізгі этникалық-саяси ұйытқысы - "он тайпа" (он-ақ будунның) мекендеген жері де осы ара болған. Сонымен катар ол Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан және Орта Азияның Самарқанд, Бұқара тағы баска қалаларын басып алды. Осы қалаларда қағанның орынбасарлары отырды. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА (1941-1945)

Адамзат тарихында ірілі- уақты он бес мыңға жуық соғыстар өткен екен. Бірақ солардың ішінде ауқымы, құрбандықтары мен алапаттығы жөнінен ең жантүршігерлігі екінші дүниежүзілік соғыс және олардың ажырамас бөлігі болған Ұлы Отан соғысы болды.
Соғыс жылдары бізден бірте-бірте алыстаған сайын оған деген көзқараста өзгеріп келеді. Қазіргі кезеңнің бір қасиеті-баяғыда аян болған жағдаяттар жайлы шындықтың жаңа Қырынан көрінуі. Бұл айтылған тұжырым 1941- 1945 ж.ж. Ұлы-Отан соғысының тарихынада тікелей әрі толығымен қатысты. Осынау қырғын тұрғысында жүздеген кітаптар мен мыңдаған мақалалар жазылғанмен, сол соғыс жайлы нағыз шындық әлі айтылған жоқ.
Қазір соғыстан кейінгі он жыл ішінде ол жайлы естелік әдебиет болмағанын көз алдына елестету қиын. Бұған соғысқа қатысқандарды кінәләудің жөні жоқ, өйткені оның тарихын терең зерттеуге тек партияның XX съезінен кейін ғана мүмкіндік туды.
Соғыстың сан өткелінен өткен жауынгерлер Сталиннің 1945 жылғы мамырдағы қошамет сөзін (тостын) жиі еске алады. Онда 1941-1942 жылдарда қиын-қыстау тұстарда жіберілген бір қатар қателіктерді тікелей мойындау және оларға әдейі баға беру бар, өйткені Сталин (үкімет) деген сөзді келтіргенде алдымен өзін алға тартуға әдет еткен еді.
Әрине мұның бәрі жөн. Бірақ Сталин өзінің бұл сөзімен өзгелерді, олардың ішінде тарихшыларды соғыс барысына дұрыс та сыни тұрғыда баға беруге шақырған жоқ. Қайта ол ең жоғары төбе би тәрізді тарихтың осы бір кезеңіне тек өзі ғана баға беріп, алдағы уақытта бұл оқиғаға басқаша баға беру мүмкін еместігін анық аңғартқанды. Оның айтқаны өткен жайлы ашы шындықты әйгілеуге шақырғандай болғанымен, іс жүзінде бұрынғыны әрі қарай зерттеуге мүмкіндік бермей, бұл тақырыпқа соңғы нүкте қойғандай әсер қалдырғандай болатын. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақстандағы 1930 жылдардағы демографиялық апат

Қазақ ұлтының тарихында 1930- жылдары ең қасіретті жылдар болып саналады. Қазақстанның демографиялық жағдайына репрессиялар, ашаршылық, эпидемиялар қатты әсер етті. Аталған жылдарда халық санақтары өтті.(1937 мен 1939 жылдары). 1937 жылғы халық санағының мәліметтері жарамсыз болып табылды. Алынған мәліметтер нақты емес қайшы болып табылады.
1931-1932 жылдары мемлекетте ашаршылық басталды. М.К.Қозыбаев Н.Е. Бекмаханова ғалымдардың пікірі бойынша эпидемия, ашаршылықтан адам шығындары 1 млн 300 мың адамды құрады, басқа мәліметтер бойынша 1 млн 750 мың қазақтар қырылды. М.Б. Тәтімов – демографтың есебі бойынша - 2 млн 300 мың адам немесе 51-52% РСФСР құрамындағы бұрынғы автономиялық республика тұрғындары осы жылдардағы эпидемиялардың нәтижесінде 250 мың адам славян халықтарының өкілдері көз жұмды, бұл тұрғындардың -8-9% құрады.
Жаппай репрессиялар мен ашаршылық тұрғындардың жылжуына себеп болды. Демограф – М.Б. Тәтімовтің есебі бойынша жер аударған қазақтардың саны 900 мың адамды (18%) құрады .
Қазақтар Ресей, Орта Азия, Қытай, Монғолия, Ауғанстан, Иран мемлекеттеріне кетті.
А.В. Михайлов өз мақаласында Голощекиннің « Кіші Қазан » төңкерісіндегі келесі мәліметтерді келтіреді. 1930 ж- 121,2 мың адам, 1937 ж -1млн 74 мың адам келген қазақ ұлтының үштен бір бөлігі жер аударды. Б. Туленбаев және В. Осиповтың ойлары бойынша шет елдерге көшкендердің саны 400-500 мың адам болады.
1926 жылғы санақ бойынша Қазақстан тұрғындары 6 млн 62 мың 910 адам,олардың ішінде 3млн 496 мың 361 (немесе 57,6%) қазақтар 1939 ж. халық санағы бойынща республикада 6 млн 93 мың 507 адам тіркелді, олардың ішінде 2 млн 315 мың 532 (немесе 38%) қазақ ұлты. Бұл жерде:
1850-1860ж.ж.-0,9%
1860-1870ж.ж.-4,7%
1870-1897-ж.ж.-1%
1897-1917ж.ж.-0,9% құрды.
Қазақ ұлтының табиғи өсу санына сапалық баға беру әр түрлі ғалымдардың ой тұжырымдары. Н.Е. Бекмаханова және Н.В. Алексенко орта жылдық табиғи өсімі – 0,4 – 1% төмен деп санайды.
Феодалдық Патриархалдық құлдырау кезінде, таптық күресті нығайту кезінде табиғи өсімнің қарқындылығын биік деңгейде күту қиын, сонымен қатар қазақтардың үштен екі бөлігі көшпелі өміо сүрді. Қазақ ұлтының орта жылдық өсу коэффициентінің төмендігі осыған дәлел. « Ұлы ашаршылықтың » соңғы жылын 1932 немесе 1933 жылдары деп әдебиеттерде белгіленеді.
Бірақ, М.Х. Ақылбеков және А.Б. Ғалидың ойларынша бұл – 1934.
1
Олардың есебі бойынша, 1933-1934 жылдарда қазақ ұлтының кемуі - 1 млн 610 мың адамды құрады. Бұл сан келесі есеппен алынды. 1926 ж. Халық санағы бойынша қазақтардың саны 3 млн 968 мың адам болса, КСРО бойынша 3 млн 627 мың адамы қазақ автономиялық республикасында тіркелді. 1933 жылы КСРО мемлекетінде 4млн 510 мың қазақ тұру қажет еді. Бірақ, М.Б. Тәтімовтың есебі бойынша мемлекетте -2 млн 900 мың қазақ өмір сүрді. Екі санның айырымы – 1 млн 610 мың адамды құрды.
1939 халық санағы бойынша республика тұрғындарының жалпы саны 6 млн 94 мың адамды құрады. Республиканың ең ірі этностары болып қазақтар -2 млн 314 мың , орыстар- 2 млн 449 мың, украйндар – 657 мың , немістер – 93 мың, татарлар – 107 мың, өзбектер – 103 мың, белорустар -31 мың , ұйғырлар – 35 мың, кәрістер – 96 мың, әзірбайжандар –12 мың, басқа ұлтар – 197 мың адам.
1926 жылғы мәліметтер бойынша тұрғындардың жалпы саны 1939 жылы – 105 мың (1,7%) адамға кеміді. Ұлттық үлес салмақ келесі түрде санақ арасындағы тұрғындардың санының тұрақтылығы және қазақ ұлтының екі санақ арасында бірдестен кеміп кетуі (1 млн 180 мың 829 адамға) байқалады. Тұрғындардың сандық тұрақтылығы республиканың индустриализациялымен түсіндіріледі, ұйымдастыру іс-шаралары нәтижесінде басқа аймақтардан жұмысшылар отбасылармен келді. Ал қазақтардың күрт кемуі – 1930 жылдардағы апаттың салдарынан болды (ашаршылық пен жер аудару нәтижесінде) көшпелі қазақ халқы көп азап шекті. Қазақтармен қатар өзге ұлттар да ашаршылыққа ұшырады.
Б.Түленбаев және В. Осипованың пікірлерінше Қазақстанда ұйғырлардың саны екі есеге, дұнғандар - 25% , өзбектер - 20,5%, ал украиндар - 3,4%-ға азайды .....
Рефераттар
Толық