Тарих | Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары

Тарих | Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары

Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары

Олар көбіне-көп тарих қойнауының шырғалаң шатқалдарында шырмалып, цивилизация дамуының сарабдал жолдарының түрлі себептермен тыс қалып қойды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранында жазылғандай:
«Жаралған намыстан қаһарман халықпыз
Азаттық жолында жалындап жаныппыз.
Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен
Аман-сау қалыппыз, аман-сау қалыппыз».
Ол мыңжылдық тарихымен ерекшелігі және өміршеңдігімен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен әлем назарына ілінді. Ұлы Далада, көшпелі цивилизацияның негізін құраған, қыпшақтар даңқының үстемдігінің ерте құлдырауы, тиісінше Қазақтың құқықтық мәдениетінің беделі мен ролінің құлдырамауына соқтырмағандығы таң қаларлық жағдай. Бұл қайшылықты Қазақ ата заңының аумағы кең даланың «еркіндік» қабілетінің сақталуымен «оқшау» орналасуымен түсіндіруге болады. Дегенмен де, ортағасырлық қазақ даласындағы мәдени-шаруашылық тоқыраудың белең алуы, өркендеп өскен басқа елдерден көш-құрым артта қалуы қоғам дамуына да әсерін тигізбей қоймады. Ұланбайтақ Орталық-Азия аумағы тарих сахнасының соңғы шебіне ысырылып тасталды да, ұзақ ұақыт бойына ұмыт қалды. Жат елдердің көшпелілер даласына отарлау саясатының іске асуымен байланысты қазақ қоғамы тарих бетіне қайта ене бастады. Бұл өзгерістер қазақ құқығының кейінгі тағдырында да және оған баға беруден де көрініс тапты.
Ол жоқтан бар етіп, біреулердің ойдан шығара салған қиялы болған жоқ. Сондықтан да халық арасында: «Ханда қырық кісінің ақылы бар, биде қырық кісінің ары, білімі бар» деген түсінік қалыптасқан.
Ол: «Істі қарастыру кезінде би және ақсақал дауласушыларға асқан әділдік танытуды өзінің қасиетті парызы санайды. Ол екі жақтың да дәлелдемелерін әбден тыңдап болған соң ғана өзінің әділ шешімін жариялаған және ол шешім міндетті түрде орындалған»,- деп жазды. XIX ғасырдағы қазақтың көрнекті ғалымы және зерттеушісі Ш. Уалиханов былай деп тұжырымдайды: «Билердің беделі Европадағы ақындар, ғалымдар мен адвокаттар сияқты өздерінің жеке бастарының қасиеттеріне байланысты болған». Зерттеушінің пікірінше Шекспир мен Гетенің ақындық ұлылығы үкімет декреттерінен тумаған, өздерінің дарындылығынан туған. Сол сияқты билердің де беделдері реттелген. Жаулап алушылық, жорықтар этномәдени шеңберінде қорғау және өзін-өзі нығайту идеяларына ұласты. Көптеген мыңжылдықтар бойына қазақ сахарасында ауысып отырған ірілі-ұсақты мемлекеттік құрылымдар, әсіресе түркілер мен түркіленген одақтар ұлан-ғайыр далада өздерінің қалыптасқан түрдегі «әділеттік», «еркіндік» идеяларын мұра етіп артына қалдырды.
Қазақ көне заңдарының ережелері бекіген кеңістік шегі Қазақия атты көшпелі халқының этномәдени аумағын қамтиды. Яғни ол ешбір қазақ халқының нақты билігінің аясымен өлшенбейді. Демек, «Қазақ мемлекеттігі» деген ұғымда бір хандықтың шеңберіне сыймайды. Қазақ қоғамы үнемі феодалдық бытыраңқылықта және ұлыстар мен жүздердің «Қазақияны» иеленуі үшін күрес жағдайында өмір сүрді. Елдің саяси бірлігі тек халық басына ауыр күн туғанда, қиын-қыстау жылдары ғана бой көрсетіп, басқа кезеңдерде уақытша сипатта болды десек шындықтан қияс кетпеспіз. Ал қазақ құқығы этникалық аумақтардың жалпы мәдени жетістігі болып қала береді.
Қазақтың көрнекті мәдениет қайраткерлерінің бірі жазғандай: «Мықты билер тілін алмаған хандарды бір кезде тақтарынын қуыршақша алып тастап отырған»
Би халықтың сана-сезімінде ақиқаттың ақ туын көтеруші ретінде сипатталады. Оған дәлел ретінде билердің мына кәсіптік ұрандарын келтіреді: «Шыннан өзге құдай жоқ», «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы». Билердің негізгі ісіне айналған бұл ұрандар бойынша адам үшін оның ар-ожданы мен намысын, адамгершілік, әділдік тұрғыдан қорғауды ең жоғарғы қадір-қасиет деп санаған. Бұл моральдық құндылықтар әділ сот мәселесіне тікелей қатысты. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ »- деген нақты ережеден көрініс тапты.
Би боламын деген адам тек жеке қасиеттерімен танылып қана қоймай бірқатар сатылардан тұратын сыннан сүрінбей өтуі керек болған. Әрине, билік шеңбері жағынан билердің елдегі беделі мен ықпалы бірдей болған жоқ: шағын ауыл, шағын ру бірлестігінен бастап жүзге, ұлысқа, тіпті бүкіл қазақ еліне жүрген билер болған. Міне, осыған сәйкес билерге қойылатын талаптардың да түр-сипаты, «қаталдығы» да өзгеріп отырған.
Баласының табиғи дарынын байқаған ата-анасы оған би болу жолында дұрыс бағыт-бағдардағы тәрбие беруге тырысқан. Ең алдында отбасында оған қазақтың айшықты сөз өнерін, әдеттік-құқықтық дәстүрлері мен ережелерін үйреткен, логикалық мәселелерді шешуді, яғни соттық қызмет барысында кездесетін сан-қилы өмірлік мәселенің түпкі негізін табуды үйренуіне көмектескен, қисынды сөзбен қиюластырған жұмбақ сөздің астарын табуға бағытталған. Бұл қызметті ата-анасы үйреткен, ауылына белгілі, танымал, көпті көрген, өзінің білген-түйгені мен өмірлік тәжірбиесі бар ауыл ақсақалдарынан тәлім алған. Мұндай жас жеткіншектің ерте бастан белгілі билердің алдын көріп, оларға атқосшылыққа жүріп, «далалық» сот ісін жүргізудің қыр-сырын жас күннен бастап игеруі өте маңызды шарт болып есептелген. Ұстаз рөліндегі бұл билер шәкіртіне кейде билер сотында қаралатын істер бойынша шығаруға қатысты шешімге өзінің көзқарасын нақты білдіру мүмкіншілігін беріп, оның қабілетін салып отырған. Кейініректе қазақ халқының ұлы ақыны, әрі орта жүздің ғана емес, бүкіл қазақтың «Төбе биі» атанған Абайдың әкесі Құнанбай да осы екі жолдан таймаған. Құнанбай баласын алты жасынан бастап қазақ даласындағы атақты Қоянды жәрмеңкесіне алып баратын. Оның әкімшілік орталығы Қарқаралыда билердің, ақсақалдардың, шешендердің қатысуымен соттар, жиналыстар болып тұратын. Тобықты руының өзінде де тәжірбиесі мол ақсақалдар көп болған. Абай солардың мектебінен өткен. Зерттеушілердің айтуынша он үш жасында Абай өзінің соттық шешімдерін шығара бастаған. Абай өмірін зерттеуші М. Әуезов бұл туралы былай деп жазған: «Руаралық күрестің дем берушлерінің арасында жүріп табиғатынан дарынды Абай қаруы – шешендік, ақылпарасат болған сөз сайысын жүргізудің сан-қилы тәсілдерін жіті меңгереді. Даулар патша сотында емес, ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ әдет-ғұрып құқығы негізінде шешілгендіктен Абай қазақтың халықтық сөз өнерінің інжу-маржандарын жетік білуі қажет етеді». Зерттеушілердің мәліметтері бойынша Әйтеке биді 1666 – 1722 ж.ж. дәл осындай жолдан өткен. Оған «оның ерекше талантына қауым мен ауыл ақсақалдары 5-6 жасында көңіл бөлген». «Болар бала боғынын» дегендей Орта жүзден шыққан атақты Шорман он үш жасында, кейініректе Сырдария алқабындағы азаттық қозғалысты бастаған Есет 20 жасында атақты би болды. Толыққанды би атану үшін жеке қасиеттері мен «дала заңының» ережелерін білгеннен басқа «жетілгендік» белгісі деп аталатын екі жоғарғы сыннан өту қажет болды. Біріншіден, ол атақты билер мен ойшылдардың «философиялық» сұрақтарына жаупа беріп, өзінің ақыл-парасытымен таным логикасының жеткілікті дәрежеде дамығандығын дәлелдеуі қажет болды. Екіншіден, данышпан ақсақалдарыдң батасын алуы керек. Сондықтан халық: «Бата менен ер көгерер, жауынменен жр көгерер» деген.
Мұндай жолдан «Билер атасы» атанған атақты Төле би де 1663-1756 ж.ж. өткен. Төленің әкесі Әлібек сол рудағы ең атақты би болған. Әкесі оны «Дала заңдарының» қыр-сырын меңгерсін деп даулы істерді шешуге бірге алып жүретін. Төле 9 жасынан соттық істерге араласа бастады. Ал 15 жасында атақты би болды. Ол кезінде 90 жастағы дана қария Жетес бидің, 100 жастағы атақты Әнет бабаның батасын алды. Халық жадында бұл жағдай былай сипатталады:
Әнет баба бір бума солқылдақ шыбық алдырады: «Балам, мынаны сындырып көрші»- дейді. Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды. «Енді сол бума шыбықты біртіндеп сындыршы»-дейді Әнет баба. Төле оп-оңай сындырады. Әнет баба: «Бұдан не түсіндің, балам?»-деп сұрайды. Төле: «Түсіндім, баба. Ынтымақты, бірлігі мықты елді жау да ала алмайды»-«Саяқ жүрген таяқ жейді»- дегенді білдіреді деп жауап беріпті. Сонда Әнет баба: «Бәрекелді, бала, дұрыс таптың. Ел билеу үшін елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл.». «Бақ қайда барасың?-«Ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы» - деп оң батасын беріпті.
Төленің ру ақсақалынан алған тағы бір батасында «Үй баласы ма, деп едім, ел баласы екенсің. Ауылыңның таңы бол, маңдайдағы бағы бол» - деген екен. Қазақ даласының атақты биіне айналған Әйтекенің де 1666-1722 ж.ж. Кіші жүздің атақты данышпаны Қосуақ бидің өзінен бата алғандығы туралы аңыз бар. Ол: «Кәрі тозады, жас озады. Ендігі жерде де үйде де, түзде де билік тізгінін өзің ұста!»-деп бата берген екен.
Әлі қоғамның мойындауына ие болмаған, би болам деуші адамды да сынау әртүрлі себептерге сай жүргізілген: жас күнінде – оның қабілетінің бар-жоғын тексеру үшін, есейген шағында – бидің дарындалған деңгейін тексеру үшін, ел аузына ілініп жүрген билер де басқа ел арасында «сенімділік» санағынан өткен. Топ алдында билер айтысында я, ел төре - әкімі алдында өзін көрсете білу әдеті қолданылған. Мәселенки, Үргеніштің (Шығыс Түркістан) ханы атағы шыққан Сырым бимен кездескенде оған төрт сұрақ қояды: «Дау мұраты не, сауда мұраты не, қыз мұраты не, жол мұраты не?». Сырым бидің жауабы: «Дау мұраты-біту, сауда мұраты – ұту, қыз мұраты – кету, жол мұраты – жету,»-дегенде хан ұшып тұрып, құшақтап, қонағасын беріп, ат мінгізіп шығарып салыпты.
Бидің нормативтік-құқықтық білімі мен оның ойлау үрдісінің ерекшелігі қашанда бірінші саптағы критериі болған. Егер соттық процестің және сотқа дейінгі процестің сайысушылығы, ашық, жария сипатын ескерсек, онда олардың зор мәнінің болғанын еске түсіреді. Әрине, таным біртіндеп келеді және өмірлік тәжірбие барысында жылдар бойы жиналады. Бірақ, би болам деген адамда өзіндік өнерінің жас кезінен бастап-ақ байқалуы қажет. Қоғамның қазіргі және болашақтағы билерге қоятын талабы осындай болды. Билердің ешқайсысы, тіпті есейген шағында да мұндай кездейсоқ сынақтан тыс қаламын деп ойламаған.
Қазақтың әдеттік-құқықтық жүйесі тарих бойы қалыптасқан, оның әртүрлі ғасырлар үнімен әуендестігін баса айтпаса болмайды. Бір жағынан алғанда, оның консервативтік сипаты, екінші жағынан көшпелі өркениет ауанында әркез қозғалаыста, дамуда болғандығы сезіледі. Осындай өзгерісті қозғалыс барысында би-қазақтың құқықтық дәстүрлернің сақтауышысы ретінде көрініс тапқан. Бұл оның кәсіптік қызметінің міндетті қыры болып табылады. Сонымен қатар, би - Ұлы дала құқығын еркін талқылаушы әрі оның нормаларын қоғам өзгеруіне сай қолданушы.
Орта ғасырлық қазақ даласында, тіпті жақын арадағы жаңа заманға дейін сөз құдыретінің беделді де күшті болғандығы сонша, сөз өнерін жете меңгерген жезтаңдай би алдында фактілер де тізе бүккен. Ұлы дала мәдениетінің мұндай ерекшелігі қазақ құқығында нық орын алды. «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітірер би», «Өнер алды қызыл тіл» дей келе Қазақи құқық-сот әділдігінің мақсаты «Тіл жүйрік емес, билікте шын жүйрік» деген тұжырымды мықтап бекітті.
Билер соты сайысушылық процесс. Әрбір тарап сотқа өзінің биімен, кейде тіпті өз руласының мүддесін қорғайтын бірнеше биімен қатысады. Билер сотында кездейсоқ сырттан келіп бір тарапты жақтауға рұқсат етіледі. Сот ісін жүргізу ханның отыратын жерінде, ауанында, бидің үйінде немесе белгіленген жерлерде, көбінесе рулардың көшпелі мекендерінде өтті.
Қазақтар құқығындағы жауапкершілік пен жаза түрлері аса бай, әрі көп түрлі болды. Олардың түрлерінің көптігі соттардың әрекеттерінің кеңістігін қамтамасыз етті. Сонымен қатар, бұл билерге өз шешімінің логикалық, адамгершілік негізділігі үшін ерекше жауапкершілік жүктейді. Дәл осы жерде істің мән жайынан кем бағаланбайтын судьяның жеке қасиеттері мен ақыл-парасаты көрінуі қажет.
Негізігі қайнар көзі Ұлы даланың әдет ғұрып жүйесі, мәдени дәстүрлері болып табылатын Қазақтың Ата-заңдары қаншама ғасырлар бойы тікелей және жанама түрде әртүрлі мемлекеттер тарапынан қысым көріп, олардың идеологиясының әсерін сезінсе де өзінің таңқаларлық өміршеңдігін көрсетті. Әрине қазақ қоғамы осындай күштердің әсерінен елеулі түрде ұшырап отырған, бірақ оның құқықтық мәдениеті мен тіл мәдениетін ешкім, ешбір күш тіпті өзгерте алмады. Олар бұндай қиын-қыстау жағдайларда да тек өзін-өзі сақтап қана қоймай, ішштей күшке ие болып нығайды да.
Ұлан байтақ қазақ даласында болған өзгерістер мен төңкерістерге қарамастан, сақтлып өзінің бастапқы мәйегін жоғалтпаған қазақ құқығының өміршеңдігін, оның негізгі құрылымының өзегі табиғи еркінді, әділдік, өнегелік идеялар мен үндестікте болумен түсіндіруге болады.
Қазақ Ата заңдарының мәнін тек қана Қазақияның этномәдени шекарасындағы өзіндік нормативтік ролімен түсіндіруге, шектеуге болмайды. Онда біз аясы кең қазақ құқығын белгілі қысаңдықтың бұғауында қалдырарымыз хақ. Ол бір мезгілде бірнеше функция /қызмет/ атқарды: реттеушілік, басқарушылық, біріктірушілік, қорғаушылық және адамгершілік. Ол кең мағынада алғанда заң да, билік те, қоғамдық болмыс пен өнегеліліктің қайнар көзі де, рухани құндылықта болды. Осындай өзіне тән тұрақты сипаттарының арқасында «көне қазақ заңдарының» қарастырған ережелер адуыны мықты мұсылман құқығының көшпелілік сипаты бір болған монғол құқығының, тегеуріні мықты орыс заңының ықпалында кетпей өзінің бет-бейнесін сақтап қалды. Көршілес елдердің құқық жүйелерінің қазақ құқығына әсері болса да оны жоятын күшке ұласа алмады. Қазақ құқығының түбегейлі құралымы кешегі Жаңа заман дәуіріне дейін қоғамдағы ықпалын жоймады. ХІХ ғасырдың ортасында Шоқан Уәлиханов атап айтқандай: «Билер соты, елу жыл бойғы орыс саясатының әсеріне қарамасатан, бізге дейінгі жүздеген, бәлкім, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сол қалпында қалды».....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру