Тарих | Қазақ хандығы

Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы — Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.

Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.

Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | КІШІ ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІ

“Кіші Қазан” ұғымын ойдан шығара отырып, іске асырған Голощекин. Ол — саяси-теориялық білімі аса төмен, ең бастысы Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік даму ерекшеліктерінен хабары жоқ адам-тын. 1925 жылы басшы болып келгеннен бастап, оның тар өрісті солақай саясатының арқасында Қазақстан халықтары бұрын-соңды болмаған көптеген ауыртпалықтарды бастан кешірді. Соның алғашқыларының бірі — “Кіші Қазан” науқаны болды. Голощекин Қазақстанда Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп байбалам салды. Голощекин мен оның төңірегіндегілер жергілікті әлеуметтік-экономикалық дамудың ерекшелігін түсінбегендіктен, қазақтарда әлі де рулық құрылыс өктемдік етуде, байлар жойылмаған, тіпті капиталистік қатынастар өмір сүруде деп көрсете отырып, оларды жою қажет деп жариялады. Голощекин түсінбеген, немесе түсінгісі келмеген мәселесі мынау еді. Қазақтардың негізгі байлығы мал болып есептелетін. Көшпелі мал шаруашылығының негізгі талабы жайылымдықтарға ие болу еді. Малы жоқтарға жайылым да қажет емес, керісінше, малы барларға ғана жайылым керек болды. Сондықтан да байлар рулық меншік деп есептелетін жайылымдар мен шабындықтардың иесі болатын. Малдан айырылса оларға да жер көп қажет болмай қалатын. Мұны түсінуге өресі жетпеген Голощекин мен оның жандайшаптары қазақ байларына қарсы күресті малды бөліп беруден емес, жерді қайта бөлуден бастады. Бұл қате науқан 1926 ж. 20 мамырда қабылданған “Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы” заңы негізінде басталды.
Шабындық және егістік жерлерді бөлу науқаны 1926 жылдың маусым және шілде айларында басталды. 1927 жылы өткен VІ Бүкілқазақтық партия конференциясындағы баяндамасында Голощекин бұл науқан барысында 319.516 қожалықтың 2387.384 десятина жері бөліске салынғанын айтты. Дәл осы конференцияда былай деді: “Біз маңызын әлі өзіміз де ұға қоймаған орасан зор науқанды өткердік — бұл жайылымдық және егістік жерлерді қайта бөлу. Жайылымдық жерлерді қайта бөлу дегеніміз не? Бұл дегенің Кіші Қазан болып табылады. Бұл 2-ші пленумда Сәдуақасов қарсы айқай көтерген нәрсе, бұл Кіші Қазанның дәл өзі. Біз шын мәнінде, іс жүзінде жерге мүдделілік негізінде кедейді байдың жерін тартып алуға зорлай және көмектесе келе, кедейді баймен қақтығыстырдық. Бұл ауылдағы тап күресінің нағыз өзі”. Байқап отырғанымыздай Голощекин 1926—1927 жылдардағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын “Кіші Қазан” деп атады. Бұл тек 1926—1927 жылдарда жүргізілген, бірақ сәтсіз аяқталған, жартыкеш науқан ғана болып шықты. Ол науқан қазақ ауылына елеулі әлеуметтік өзгерістер әкелген жоқ. Голощекиннің “Кіші Қазаны” — шабындық және егістік жерлерді қайта бөлуі сәтсіз аяқталды. Оны біз мына ресми мәліметтен де айқын көреміз: “Қайта бөлуді өткізу бірқатар қиыншылықтарға кездесті: жерлерді есепке алу жүргізілмеді — олар көзбен, доңғалақтардың айналымымен, адамдардың және аттардың адымдарымен, арқанмен және т.с.с өлшенді; байлар оған қарсыласып, әр түрлі өсек-аяңдар таратты, уәкілдерді және жасырылған жайылымдарды көрсеткен кедейлерді соққыға жығып тастаудың бірқатар жағдайлары болды ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы)

Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең сөңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды.Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында — Астарахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144 5 km2 19 ғ. аяғында Астархан меже бөлімі бойынша — 77 624 km2. Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. Көтеріңкі жерлері төмпелі, ойпаттарда жабындық жерлер орналасады, бірақ кей тұстарда былқылдақ құм бар. Солтүстік жағында (Тарғын, Тал, Камыс-Самар, Калмақ) қара топырақты дала кездеседі, Оңтүстігінде көбінесе құм жайлайды. Оңтүстікте құм төбелерінің арасында құмаршық өсетін ойпаттар кездеседі. Төмпелерде ештеңе өспейді, теңізге жақындағанда тегістеніп кетеді де сорларға айналады. Оңтүстік-батыста Бэр төмпелерікөріне бастайды. Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар, соңғысында әдетте ортасында біреуі ірілеу болады. Ең ірілердің шеңбер диаметрі 30 m шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зертасты кірпіш қалауы бар. Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым-зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы өңірде болған Г.С. Карелин, В.И. Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын естелік — зерттеулерінде жазып көрсетеді. Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100-ден астам ресей және шетел зерттеушілері болған. 1842 ж. Жәңгірдің өтінішімен белгілі картограф, Орыс жағрапиялық қоғамының мүшесі Я.В. Ханыков Бөкей ордасының аумақтық картасын[1] жасайды. Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя).
Бос жатқан [1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп-қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 ж. наурызыдың 11 былай деген рескриптісін (жарлық) шығарады:
Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлын өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын.
Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады.
Елді хан басқарды. Жәңгір-Керей хан кезінде хан билігі абсолютистікке жақын болды. Дегенмен, 1828 ж. сәуірдің 1 хан жанында 12 би кеңесі ұйымдастырылды. Бірінші шақырысындағы болған билер (депутаттар): шеркештен — Мүпәт Айдаболұлы, ноғай-қазақтан — Шомбал Ниязұлы, байбақтыдан — Қонаш Сопақұлы, масқардан — Шора Кедейұлы, беріштен — Бәтке Құдайбергенұлы, алашадан — Алтай Досмұхамедұлы, жаппастан — Көшетұр Мапақұлы, ысықтан — Жантөре Абдалұлы, адайдан — Байту Төменбайұлы, қызылқұрттан — Дуантай Айтуғанұлы, есентемірден — Татан Сәкенбайұлы, таздан — Құдайшүкір Базайұлы, жетірудан (табын, тама, кердері рулаларынан) — Кендірбай Ырысбайұлы және кетеден — Бос Боздайұлы. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Есім хан

Шығайұлы Есім хан (1628-1645) – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды.

Есім хан билік басына ағасы Тәуекел өлгеннен кейін келді. Бұл кезде Қазақ хандығының шығысындағы жағдай Тәуекел тұсындағыдан әлдеқайда күрделене түскен еді. Мұнда ойрат тайпаларының бірігіу процесі жүріп жатты. Сондықтан ол көршілерінде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, олардың тайпалары арасындағы алауыздықты өз пайдасына шешуге ұмтылып бақты.

Ойраттардың бір жағынан Ембі, Жайық, Еділ бойындағы ноғайлармен шарпысуығ екінші жағынан орыс қамалдарының гарнизондарымен қақтығысуы Есім хан саясатының ықпалды болуына елеулі жағдай жасады. Ақырында үш жақты соғыстың өздеріне қырғын таптыратынын сезген ойрат әміршілері Есім ханның үстемдігін мойындап, тату көршілікте тұру мақсатында ұсыныс жасап, елшілерін жіберуге мәжбүр болады.

Хандығының шығысындағы жағдайды осылайша өз пайдасына шешкен Есім хан оңтүстігін де ойдан шығармайды.

Хандығының шекарасын кеңейте түсу саясатын мұнда да батыл жүргізіп бағады. Оған жағдай да көмектесе түседі. Себебі, бұл кезде қайтыс болған Бәки Мұхаммед ханның орнына оның інісі Уәли Мұхаммед пен Герат-Хорасанның билеушісі Дінмұхаммед баласы Иманқұлы таласып жатқан еді. Осы қақтығысты өз пайдасына асыруда Есім хан үлкен ептілік танытады. Ол әуелі Уәли Мұхаммедке көмектесемін деп уәде беріп, кейін Иманқұлы жағына аунап түседі. Соның нәтижесінде онымен бірігіп, Уәли Мұхаммедті өлтірісіп, Иманқұлымен одақ жасасады да, сол жылы Иманқұлыға қарсы шығып, Самарқантқа әскер жөнелтеді.

Бұл кезде Иманқұлының Есіммен соғысарлық шамасы жоқ еді. Сондықтан онымен шартқа отырып, Ташкент пен оның төңірегінің түгелдей қазақтардың иелігі екенін ресми түрде мойындайды.

Бұдан кейін Есім хан Моғолстан ханы Әбдірахымның қызы Падшахқа үйленіп, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахымға беріп, қарсы құда болу арқылы оны өзінің жақтасы етіп, соның көмегімен өзіне опасыздық жасаған Тұрсын ханды талқандап, дара билікке қол жеткізеді.

Есім ханның билігі тұсында (1598-1645) халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі. Мұны «Есімнің заңы» деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алынбағанын, өз заманының орайы мен талабына қарай Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір нұсқасы екенін де естен шығармаған абзал. Түтпет келгенде, «Есім салған ескі жол» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған даналық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланды. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы

Соғыстың басталуы. Екінші дүниежүзілік соғыс 1939ж 1 қыркүйекте Германияның Польшаға шабуылынан бастады.Польшаның Франциямен және Англиямен өзара көмектесу туралы келісім жасағанын білетін Германия Польшаны жылдам талқандауға тырысты.Қауырт соғысжүргізу мақсатында ол Польшаға қарсы барлық
әскерінің үштен екі бөлігін топтастырды.
1939ж 3 қыркүйекте Англия мен Франця Польшамен одақтасты міндеттерін орындау мақсатында Германияға соғыс жариялады.1939ж 19қыркүйекте Скандинавия елдері басталған соғыста бейтараптылық саясат ұстайтындарын мәлімдеді.
Польшаға қарсы қауырт соғыс жоспарын іске асыру үшін неміс әскерінің барлық түрлері бір мезгілде екпінді шабуылға шықты.Сонымен қатар неміс ұшақтарын поляк қалаларын үздіксіз бомбылаумен болды.Немістер алғашқы күндері-ақ поляк әскерлерінің қорғаныс шебін бұзып , Варшаваға бағыт алды. 16 қыркүйекте олар Варшаваны қоршап алды Ал 17 қыркүйекте шығыстан Польша жеріне Кеңес Одағының әскерлері енгізілді .Қоршаудағы Варшава 28 қыркүйеккедейін шайқасты ,алайда күш тең емес еді.
1939ж 28 қыркүйекте Достық және шекаралар туралы кеңес- герман келісіміне қол қойылды .Бұл келісім екі мемлекеттің Польшаны ықпал аймағына бөлісуін бекітті және КСРО мен Германияның арасындағы жаңа шекараны белгіледі 2 қазанда қорғаныс шайқастарын жүргізіп жатқан соғыс поляк бөлімдері берілді .Осылайша Польша мемлекеті төртінші түсті .
Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғыс. 1939жылғы 23 тамызда кеңес-герман келісім бойынша, Финляндия және Прибалтика Кеңес Одағының ықпал аймағы болуға тиісті еді. 1939ж қазанда КСРО Финляндияға Щығанағындағы бірнеше аралды Карел мойнағының және Рыбачий түбегінің бір бөлігін ауыстыру туралы және Ханко аралын жалға беру туралыталап қойды .Ханко аралында кеңес әскери –теңіз базасын салуды жоспарлады .Финляндия негізгі талаптарға келісті , бірақ Ханко аралын беруден бас тартты ,бұл Финлядияның қаіпсіздігіне нұқсан келтіретін еді .Қараша айында Финляндиямен шекараға кеңесә скерлері топтастырыла бастады.1939ж 26 қарашада Кеңес үкіметі Финляндияға әскерлерін шекарадан 25 шақырым алысқа алып кету туралы талап қойды . Фин үкіметі тура осындай қашықтыққа кеңес әскерлері шекарадан шегінсе ,бұл талапты орындаймыз деді .Алайда Кеңес Одағын қанағаттандырмады . 1939ж 30қарашада Кеңес Одағы ресми түрде соғыс жарияламай-ақ , Финляндияға шабуыл жасады. Бұл 1920 жылғы кеңес фин бейбіт келісімшартын , 1932 жылғы бір –біріне шабуыл жасамау туралы кеңес- фин келісімшартын және Гаага конвенциясын бұзу еді . Сонымен қатар бұл 1939ж жарияланған Финляндияға бейтараптылығын бұзу еді . Сондықтан бұл соғысты ірі мемлекеттің ұсақ мемлекетке күш көрсету деп есептеп , Ұлттар Лигасын Кеңес Одағына басқыншы деген айып тағып , оны 14 желтоқсанда Лига қатарынан шығарып тастады ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Ежелгі түркі ғұламаларының психологиялық тағылымдары

Қазақ халқының психологиялық ой-пікір мәдениетінің даму тарихы көне ғасырлар қойнауынан басталады.
Халқымыздың жалпы даму тарихына сүйене отырып, біз психологиялық ой-пікірлердің қалыптасуын басты үш кезеңге бөліп қарастырамыз.
Бірінші кезең-психологиялық ой-пікірлердің үлкен бастау, түп-төркіндері ,басы ҮІ –ҮІІІғасырлардан басталатын қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ қоғамдық сананың алғаш дүниеге келу кезеңдері.Бұлар халықтық психология-Орхон Енисей жазба ескерткіштері,Қорқыт ата ,Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, т.б. ғұламалардың тағылымдары.Екінші кезең-Қазақ хандығы дәуірінен басталып (ХІХ ғасырдың орта тұсы), Қазан төңкерісіне дейінгі психологиялық ой-пікірлердің даму жағдаяты.Үшінші кезең-психологиялық ғылымның Қазақстанда Кеңес өкіметі жылдарында даму тарихы.
ҮІ-ҮІІІғғ. Ежелгі түркі жазбалары.
Қорқыт ата.
ҮІ ғасырда Жетісу,Алтай,Орта Азияны мекен еткен ру-тайпалар бірігіп, түркі қағанаты дейтін үлкен мемлекет құрды. Зерттеушілердің айтуынша «Түрік» деген халықтың аты 542жылдан белгілі болса керек. Түрік қағанатының қоғамдық-экономикалық, саяси-әлеуметтік өмірінде сол кездері жауапкершілік дәстүр маңызды орын алады.Олардың алғашқы көсемдерінің бірі- Бумын қаған айналасындағы көрші елдерді өзіне қаратады. Қағанаттың орталығы Орхон өзенінің (Қазіргі Монғолияда) жағасында болды.Истеми қағанның тұсында (ҮІ ғ.)елдің территориясы бұрынғыданда ұлғайып,әскери қуаты арта түсті. Көп ұзамай, өзара қырғын соғыстары басталды да, қағанат екіге (бірі Орталық Азиядағы Шығыс түрік, екіншісі Жетісу,Шығыс Түркістан,Орта Азия Батыс түрік қағанаты) бөлінеді.Батыс түрік қағанаты (астанасы Шу өзені алқабындағы Сүяб қаласы) аварларды батысқа ығыстырып, Еділ Жайық бойын өзіне қаратты.Білге Қаған мен оның інісі Күлтегін осы ұлан-ғайыр қағанаттың тәуелсіздігін Таң ( Қытай ) шабуылынан үнемі қорғап келеді. Батыс түрік қағандығының құраған әр түрлі тайпалар кейіннен қазақ халқының құрамына енгенін тарихтан белгілі. Осы кезеңнің саяси қоғамдық, әдеби өмірін баяндайтын жазба ескерткіштер бізге жетіп отыр. Солардың бірі- «Күлтегін» , «Білге қаған» , «Тоныкөк» дастандары.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Ежелгі түріктер

«Халықтардың ұлы қоныс аударуы» Қазақстанның, Орта және Алдңғы Азияның, сондай-ақ, Еуропаның этникалық жән саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. Қазақстан территориясында жергілікті тұрғындардың антропологиялық типіне монғол типтес элементтердің жайылуының алғашқы күшті толқындарының бірі және, бәлкім, өлкенің бүкіл территориясында түркі тілдерінің кеңінен таралуы ғұндардың қысымымен болған шығыс тайпаларының миграциясымен байланысты болса керек.
Орта Азия мен Қазақсан территориясында бірте-бірте патриархалды-феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі – Түрік қағанаты (552-745 ж.ж.) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашында Алтай мен Жетісудің бір бөлігін мекендеді. «Түрік» деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталды. «Түрік» этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата-тегі шонжар топтан немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бұл сөздің семантикасы бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни патша шыққан тайпаның символы болған. Бертін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты болып қалған тайпаларды да көршілері түрік деп атап кеткен.
Түрік қағандығының әлеуметтік, саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алып, үлкен роль ойнағаны тарихтан жақсы мәлім. Түріктердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болды. Оның билік жүргізген кезінде көптеген көрші елдер Түрік өкіметіне бағынды. Қағандықтың ортасы Орхон өзенінің жоғарғы сағасында болды. Бумынның інісі Істемі қаған 6-ғасырдың орта кезінде Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін күйрете жеңді. Түрік қағандығының территориясы бұрынғыдан да ұлғайып, әскери қуаты арта түсті.
Бірақ бұл ұзаққа созылған жоқ. Түрік аристократиясы жаулап алған өлкелерді әрқайсысы жеке-жеке бөліп алып, дербес басқаруға тырысты. Осыдан саяси дағдарыс туып, билікке таласқан өзара қырқыс соғыстар басталды. Ақыры Түрік қағандығы бір-бірімен жауласқан екі қағандыққа бөлініп кетті: Шығыс (Орталық Азия) және Батыс (Орта Азия, Жетісу, Шығыс Түркістан) Түрік қағанаты.
Батыс Түрік қағандығы яки қағанаты Түрік қағандығының негізінде 603 жылы құрылған ертедегі феодалдық мемлекет. Ол қағанаттың территориясы Жетісу мен Шығыс Түркістанды, Тянь-Шаньнің батыс беткейі мен Орта Азияны алып жатыр. Қағанаттың орталығы Шу өзеніндегі Суяб қаласы еді. Қағанаттың бірінші басшысы қаған, жоғарғы әмірші және ірі әскер басы болды.
Батыс Түрік қағанатының негізін қалаған Бумын қағанның інісі Істемі қаған болды. Түріктер 558 жылы аварларды батысқа ығыстырып, Еділ мен Жайық бойын өзіне қаратып алды. Білге қаған мен оның інісі Күлтегін осы ұлан-ғайыр қағанаттың тәуелсіздігін Тан империясынан қорғау үшін күрескен. Кезінде Батыс Түрік қағандығын құраған түрлі тайпалар кейіннен қазақ халқының құрамына еніп кеткені мәлім. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ

Қазақ әдебиеті тарихы қазақ халқының ерте замандардан бастап бүгінге дейін жасаған көркем әдебиет туындыларын толық қамтыды. Ежелгі дәуірдегі әдебиетіміз туралы айтқаңда, ең алдымен, екі мәселені айқын түсінуіміз керек. Біріншісі – біздің ежелгі дәуір әдебиетіміздің туындылары тек қазақ халқының ғана еншісі емес, олардың басқа түркі тектес халықтардың да әдебиетіне ортақ екендігі. Екіншісі – қазақ тілінде емес, ежелгі түркі тілінде жазылғандығы. Енді осы жайттарға түсінік бере кетейік.
Қазақ халқының құрылуына негіз болған ру-тайпалар ол замандарда қазіргі Қазақстанды, Орта Азияны, Оңтүстік–шығыс Сібірді, Орталық Азияны, Еділ бойын, Каспий жағалауларын мекен еткен. Олар өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрікмен, ұйғыр, қарақалпақ, хакас, башқұрт, татар халықтарының төл құрамына енген ру-тайпалармен аралас өмір кешкен. Сөйтіп, экономикалық, әлеуметтік, мәдени өмірі бір-бірімен өзара тығыз байланысты болған түркі тілдес халықтардың әдебиеті де ортақ болды. Кумандар, Дешті Қыпшақтар, тағы басқадай атанған жартылай көшпелі, жартылай отырықшы түркі тілдес халықтардың ерлігі, тұрмыс-тіршілігі, арман-қиялы поэзия тілімен жырланып, ерлік эпостар, ертегілер, аңыздарда баян етілген. Құлпытас, күмбез түріндегі ескерткіштерге өздерінің елеулі-елеулі тарихи адамдары туралы жоқтау, мадақтауларын жыр түрінде ойып жазып қалдырып отырған. Бұл түркі ұлыстарының жазу мәдениеті ертеден пайда болғанын көрсетеді. Ол жазулар дами келе Күлтегін, Тоңұқық*, Қорқыт ата, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Ахмет Йасауи, Бақырғани, Хорезми, т.б. орта ғасырлық ғұламалар шығармаларының сақталуына негіз болды.
Ру-тайпалық дәуірде өмірге келген шығармалардың тілі қазаққа түсініксіз болса, олар қазақ әдебиетінің мұрасы бола ала ма деген сұрақ туындайды. Кейбір ғалымдардың теріс пікірде екенін де ескеру керек. .....
Рефераттар
Толық

Тарих | ЕГИПЕТ БИЛЕУШІСІ ҚЫПШАҚ БЕЙБАРЫС

Қыпшақ Бейбарыс Египетті 17 жыл билеген. Оның толық аты-жөні әл-Мәлік аз-Зәкір Рух-ад-дин Бейбарыс әл-Бундукдари әл-Салихли. Ғалымдардың пікірі бойынша Бейбарыс 1223 жылы Каспий теңізінің батыс жағалауында дүниеге келген .Қыпшақ тайпасынан шыққан. 1277 жылы Сирия қаласы \Дамаскіде\ қайтыс болған. Ол Египет пен Сирия сұлтандарының ішінде ең атақтысы, ең сыйлысы болған. 1260 пен 1277 жылдар аралығында осы мемлекеттерді басқарған. Ол халық арасында \118 крестшілер\ мен монғолдарды жеңген билеуші болумен қатар, игілік жасаушы \175 реформатор\ кейпінде де атағы шыққан болатын. Халық аузында ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан "Бейбарыс сұлтан" әңгімесі араб ауыз әдебиеті творчествосы - \226 фольклордың\ озық шығармасы болып табылады. Ал Бейбарыс сұлтанның аты халық арасында билеуші, әрі батыр ретінде кең танымал екендігін көрсетеді. Ол жайлы шығарылған бұл әңгімені шежірешілер халық көп жиналған алау маңында айтып беретін.
1242 жылы монғолдар қыпшақ жерін жаулап алғаннан кейін бозбала Бейбарыс тұтқындалып, басқа да руластарымен бірге құлдыққа сатылып кеткен болатын. Түркі тілінде сөйлейтін жалдамалы әскерлер мұсылмандық |Жерорта теңізі бойындағы елдердің әскерінің қомақты бөлігін құрайтын жєне олардың құны үлкен ақша тұратын. Өмірдіњ әр түрлі тәлкегінен өткен Бейбарыс, Египет сұлтаны Ас-Салах Нажім-ад-Диннің қолына түседі. Оны сұлтанның өзге де әскерлерімен бірге, Ніл өзені бойындағы бір аралда ұстайды. Ол осы жерде өзінің қайсарлығы мен қаруды жақсы қолдана алатындығымен көзге түседі. Ол аралдағы әскери өнер мектебін бітіргеннен кейін, шайқастарға қатысып, ерлігімен көзге түседі. Бейбарысты соғыстағы ерліктері мен көзсіз батырлығы үшін сұлтанның күзет бастығы етіп тағайындалады. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Е Пугачев көтерілісі

Еділ мен Жайық бойындағы Е.Пугачев басқарған 1773-1775 жылғы шаруалар соғысына орыс, башқұрт, татар, Орта және Кіші жүз қазақтары қатысты. Көтерілістің алғышарттары:
1. Патша үкіметінің Каспий теңізінің солтүстік-батысындағы шұрайлы жерлерді орыс помещиктеріне бөліп беруі.
2. Петербург билеушілерінің осы аймақты жазалаушы топтармен ойрандатуы.
3. Жайық бойында патша үкіметінің бекіністерді көптеп салуы.
Қазақ шаруаларының және жеке феодалдардың көтеріліске қатысуына түрткі болған - жер мәселесі. XVIII ғасырдың 50-жылдарында Кіші жүздің ханы Нұралы қазақ шаруаларының талаптарын ескеріп, 1742 жылы 19-қазандағы Жайық бойында мал жаюға тыйым салған патша үкімін жоюды талап етті. 1756 жылы императрица Елизавета Петровна башқұрттардың көтерілісін басуға көмектескені үшін қазақтарға Жайықтың сол жағасында мал жаюға уақытша рұқсат ете отырып, Жайықтың оң жағасына көшіп-қонуға тыйым салды.
XVIII ғасырдың 60 жылдарында патша үкіметінің Ертістің оң жағасындағы шұрайлы өлкені қазақ шаруаларына тартып алып беруі, қазақтарға бекіністерге жақындауға тыйым салуы халықтың наразылығын туғызды.
Кіші жүздің ірі ақсүйектері - Ералы, Досалы, Айшуақ сұлтандар, Нұралы хан көтерілісті қолдады.
• 1773 жылғы 20 қыркүйек - Пугачев Нұралыға арнайы үндеу жолдады: жер мен суды қазақтарға қайтаруға уәде беріп, қазақтарды өзіне тарту мақсатын ұстанды.
• 1773 жылы қарашаның 17-нен 18-не қараған түні - Нұралының өкілі Зәбір молда Усиха өзені маңында Пугачевке жолықты.
Алайда Жайық бекінісін қоршаудағы Пугачевтің сәтсіздігі ханның көмек беруге асықпауына себеп болды. Пугачев күштерінің Орынбор әскери шебіне жақындауы осы өңірде көшіп-қонып жүрген қазақтарды рухтандырды. Қазақ жігіттері Пугачевтің әскерімен бірлесіп шайқасты:
- Жайық бекінісін қоршауға қатысты.
- Кулагин бекінісін алды.
- Орынборды қоршауға 2000 қазақ қатысты.
1773 жылдың қарашасында Пугачевтің манифесіне арқа сүйген қазақтар Жайықтың оң жағасына өтіп, малдарын жайды. Нұралы хан бастаған ақсүйектер екі жақты бағыт ұстанды:
- Көтерілісті пайдаланып, жер тапшылығын жою.
 Көтерілістің өршуінен сескеніп, қазақтарды тәуелділікте ұстау және жеңілсе патша алдында ақталу.
1775 жылы 7 қараша - сыртқы істер коллегиясының жарлығы бойынша, қысқы уақытта Жайық, Еділ Каспий теңізі, Ертіс пен Жайықтың оң жағалауы, Ембі, Сағыз өзендері бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етілді.....
Рефераттар
Толық