Тарих | Қазақстанның түркітілдес елдерімен мәдени-рухани байланыстары

Тарих | Қазақстанның түркітілдес елдерімен мәдени-рухани байланыстары

Түрксой

Түркі мәдениеті және өнері жөніндегі ортақ халықаралық ұйымның (ТҮРКСОЙ) құрылуы түркітілдес елдердің бауырлас мәдениеттерін біріктіру және тең құрметтеу мен Түркі әлемі шеңберінде жаңа мәдени кеңістікті құру идеясына негізделген.
ТҮРКСОЙ-дың негізі 1992 жылы көктемде Стамбул қаласында түркітілдес мемлекеттердің мәдениет министрлерінің 1-ші Кездесуі барысында қаланған. 1993 жылы 12 шілдеде Алматы қаласында Ұйымды құрушы және тұрақты мүшелері болып табылатын алты мемлекет - Әзірбайжан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Түрікменстан, Түркия Республикасы және Өзбекістан Республикасы – «ТҮРКСОЙ-ды құру және оның жұмыс істеу Қағидаттары туралы» келісімге қол қойды.
ТҮРКСОЙ түркітілдес мемелекеттер арасында мәдениет және өнер саласындағы байланыстарды дамытумен аймақтық басқаруын іске асырады, мәдени ынтымақтастық саласында мемлекеттік құрылымдарының саяси бағыт-бағдарына байланыссыз Достастық мүшелерінің тең құқығын қамтамасыз етеді. Қызмет түрі, мақсаты және жұмыс қағидаттары бойынша ТҮРКСОЙ, ЮНЕСКО құрылымына ұқсас болып келеді. Бүл ұйым түркітілдес аймақты біріктіруге және ортақ түрік мәдениетінің дүниежүзілік мәдени кеңістіктегі интеграциясын жеделдетуді қамтамасыз етуге бағытталған.
ТҮРКСОЙ аясында түркітілдес мемлекеттердің мәдениет және өнер қайраткерлері қатысатын ірі халықаралық шаралар өткізіліп отырылады. Олар: музыкалық және театр фестивальдары, бейнелеу және қолданбалы өнер көрмелері , жарыстар, ерекше мәні бар күндерге арналған мерейтойлық шаралар, кітаптар және күнтізбелер басып шығару.
Бұл ұйым құрылған кезден бері оның аясында түркітілдес мемлекеттер басшылары деңгейінде 7 кездесу және Мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің 22 мәжілісі өткізілді. Аталған шаралар барысында түркітілдес мемлекеттер арасындағы саяси, сауда және экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды нығайту мәселелері қарастырылған.

ТҮРКСОЙ-дың басты мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:
- түркітілдес мемлекеттер, қоғамдар арасында мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықты нығайту;
- түркі елдерінің мәдени құндылықтарын зерттеу, көбейту, қамқорлыққа алу және оларды әлемдік ауқымда түсіндіру жұмыстары;
- біртұтас мәдени кеңістікті құру, тарихи, саяси және географиялық жағдайларға байланысты жатырқаушылықты жою;
- түркі әлемнің сәулеттік, мәдени және тарихи ескерткіштерін, жалпы мәдени құндылықтарын анықтау және жүйеге келтіру, оларды сақтауға бағытталған шараларды қабылдау;
- түркі елдердің ұлттық мәдениеттерін дамыту процесін жандандыру, олардың көркем ерекшелігін және бірігейлігін сапалы жаңартылуымен сақтау;
- түркі тіл тобына кіретін тілдерін және алфавиттерін жақындастыруға жағдайлар жасау, латин графикасына және ортақ тілдік қоғамға көшу;
- гуманитарлық саладағы әлемдік интеграциялық процесстерді есепке ала отырып, өсіп келе жатқан ұрпақты ұлттық мәдениетке және тілге тарту;
- түркітілдес мемлекеттердің мәдениеті мен өнері туралы Халықаралық ақпарат орталығын және мұрағатын құру;

Қазақстан мен Түркия Республикалары арасындағы қарым қатынастар

1992 жылы 2 наурызда Н.Назарбаев Сыртқы істер министрі Читил бастаған Түркияның үкіметтік делегациясын қабылдады. Кездесу барысында тараптар білім беру, мәдениет, көлік, байланыс саласында алысуды арттыруға кірісті. Келіссоздер нәтижесінде Қазақстан мен Түркия Республикасы арасында дипломатиялық қатынастарды орнату туралы хаттамаға қол қойылады. 1992 жылы 29 сәуірде Түркия Премьер-Министрі С. Демирелдің Қазақстанға ресми сапары болды. Н.Назарбаевпен кездесудің қорытындысы бойынша мынандай құжаттарға қол қойылды: инвестиция құюға көмек беру, автокөлік пен авиация саласында ынтымақтастық, орта және шағын бизнесті дамыту, ғылым, білім және мәдениет салаларында ынтымақтастық. 1992 жылы 25 наурызда Алматы-Стамбул халықаралық авиа желісі ашылды. Сол жылдың 17 мамырында Н.Назарбаев Түрік Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігін ашу туралы құжатқа қол қойды. 1992 жылы 20 қазанда Н.Назарбаевтің Түрік еліне жасаған ресми сапары барысында Түрік Президенті Тұғыт Озал мен Премьер-Министр с. Демирелмен кездесті. Онда Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетін ашуға қол қойды.
1993 жылы 13 сәуірде Президенттер бес жұлдыздық қонақ үй – «Анкара» іргетасын қалады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру