Сабақтың мақсаты: Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру. Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, жұмбақ шешу. Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кеспе буындар, жаңа әріптің баспа және жазба үлгісі.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой. Ал қанекей бәріміз, Сәлем дейік үлкенге. .....
Сабақтың мақсаты: 1 - ден 10 - ға дейінгі сандарды, олардың таңбалауын, құрамын қайталау, білімдерін бекіту, бақылау. Оқушылардың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: "Қызыл телпек" ертегісіне салынған кейіпкерлерінің бейнесі, 1 - ден 10 - ға дейінгі сандар, дидактикалық ойындар, тапсырма кедергілер. Сабақтың барысы: Бүгінгі сабағымыз ерекше, бізге қонақтар келді.
Сәлемдесу: Үлкенге де сіз, кішіге де сіз Құрметпенен сіздерге Сәлем бердік біз. Біздің ұранымыз: Бір, екі, үш Сынып іші тып – тыныш Жалқаулықты тастаймыз Сабақты біз бастаймыз. .....
Мақсаты: Балаларды желілі ойындардың жаңа түрлерімен таныстырып, ойнатып және өзіндік ойын барысында өз қатарластарының ойымен келісулеріне, ойын кезінде бір рөлден екінші рөлге ауыса білуді жетілдіру. Ойын арқылы балаларға қоршаған өмір жайлы кең білім қолдана отырып, диалогтік тілді дамыту. Бір ойын бірнеше түрге бөлініп, өрбитінін балаларға көрсету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік: дәрігер, әмбебап, шаштараз, жүргізуші, отбасы, ұялы телефондар, жанармай бекеті ойындарына қажетті құрал жабдықтар.
Ойын барысы: (Қонақтармен амандасу) Мынау - менің жүрегім, Барлығы осыдан басталған. Мынау – менің басым, .....
Қахақ халқының тарихындағы жете зерттелмеген тарихи кезеңдердің бірі –ХҮІІІ ғасырдың басы – халқымыздың азаматтық тарихындағы қыры мен сыры көп аса бір ауыр кезең. «Қазақтардың тарихи өміріндегі аса бір маңызды тұс, - егер Левшиннің және Орта Азия тарихын зерттеуге көп еңбек сіңірген ұстазымыз В. В. Барольдтің жол жөнекей айтқандарын есепке алмасақ – мүлдем зерттелмеген деуге болады» - деп жазады тарихшы М. Тынышбайұлы «Ақтабан шұбырынды» мақаласында осы кезең туралы. Бұл кезде тұтас бір халықтың тағдыры таразыға салынып, талқыға түскен еді. Ол тау халықтарының тарланбозы Имам Шәміл айтқандай «Үлкен халықтарға үлкен ынсап керек екен. Кіші халықтарға үлкен қанжар керек екен» дегендей заман болатын. Ежелден көрші жатқан қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығыстың ішкі басты себебі екі көрші мемлекет Ресей мен Қытайдың, қазақ пен жоңғардың ешқайсысын да күшейткісі келмегендіктен ылғи екеуін бір-біріне айдап салу керек еді. Осындай сын сағаттарда жеке адамдардың рөлі артып, дала демократиясының негізгі иелері – хандар, сұлтандар, батырлар атқа мінуге мәжбүр болады. Сөйтіп Шыңғыс тұқымының ұрпақтары тақ үстінде емес, ат үстінде ұрыс аландарында сынға түседі. Патша өкіметі Қазақ жері арқылы Орта Азия территориясына ілгерілей жылжуды Қытай, Үнді, Парсы елдерімен және бұрыннан Ресей империясының геостратегиялық аймағына кіретін басқа да Азия мемлекеттерімен сауда-қатынас жолдарына саяси-әкімшілік тұрғыдан бақылауды күшейтуге ұмтылған. Патша өкіметі өзінің Орталық Азиядағы саяси ықпалан кеңейту жоспарын іске асыра отырып жалпыевропалық істерге әсер етудің басты құралы – оңтүстік-шығыс аймақтағы империяның қуаттылығын барынша нығайтуды көздейді.....
Тіл — адам баласының ғана емес, ұлттың, халықтың, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс. Адамзаттық құндылықтар қатарында тіл ғылымнан да, мәдениет пен өнерден де бұрын аталады. Ғылым да, мәдениет те, өнер де, материалдық игіліктер де, саясат та тілдің қатысуымен жасалады. Тілдің адамның жан-дүниесіне өлшеусіз әсер ете алатын құдіреті саяси тетік ретінде ертеден-ак пайдаланылған. XIX гасырдың аяғында жүргізген сынак бойынша Қазақстанда жергілікті ұлт үлесі - 81,1% болған. Яғни Қазақстанда ол кезде біртекті тілдік орта болган. Бүл тілдік ахуалмен Ресей билеушілері де санасуға мәжбүр болған. Қазақ даласында қызмет атқарған губернаторлар мен оның төңірегендегілер тілмаштар ұстаған. Қазақша білу қазақ даласында қызмет атқаратын патша чиновниктеріне қойылатын қатаң талаптар қатарына жатқызылган. XIX ғасырдың II жартысындағы тілдік ахуал, яғни жергілікті ұлт окілдерінің 81,1% болуы және біртекті тілдік ортаның болуы патша әкімшілігі үшін екі тілде (орысша, қазакша) газет шыгару және сол газеттерді ("Дала уоләятінің газеті, 'Түркістан уәләятінің газеті) қаржыландырып түру қажеттілігін туғыз-ды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында казақ тілі өзінің қоғамдық әлеуметтік қызметін толық атқарған. Сол жылдары қазақ даласында болған орыс ғалымы Г.Н. Потанин былай деп жазады: "Бар жерде қырғыз тілін ғана естисіз — жол шетінде жантайып, әңгіме соғып жатқан қазактар да, стансада өткінші шенеуніктің ат-арбасьның маңында әбігерге түскен ат айдаушылар да сол тілде сойлейді. Кейде, тіпті сотта да солай әр кезеңде әр түрлі болды. Қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру туралы мәселе кеңес өкіметі жылдарында бірнеше рет көтерілді. 1920 жылы Қазақ АССР-і кеңестерінің бірінші құрылтай съезінде республикадағы әр ұлт барлық мекемелер мен мектептерде ана тілін қолдануда тең құқылы деген шешім кабылданды. 1924 жылы қабылданған Қазақстанның 1-ші Конституциясы бойынша казақ және орыс тілдері республика мемлекеттік тіл болып табылады. 1938 және 1978 жылдары қабылданған Қазақсган Конституцияларында мемлекеттік тіл жайында ашып еш нәрсе айтылмаған. ....
ХІХ ғасырдың басында Қазақстан жерінде халыққа білім беру екі бағытта: діни және жай азаматтық бағытта жүргізілді. Ел ішіндегі болыстар мен ауылдардағы қазақ балалары әдетте мұсылман мектептерінде оқыды. Оларға оқу араб алфавиті бойынша жүрді. Мұндағы діни мектептерде сабақ беретін негізінен ауыл молдалары еді. Олардың белгілі оқу жоспарлары, сабақ жүргізуде методикалық тәжірибелері болмады. Көбіне балаларды араб тіліндегі құран сүрелерін жаттаттыруымен ғана айналысты. Осының салдарынан діни мектептегі шәкірттер ғылыми негізде тиянақты білім ала алмады. Бұл кездегі діни білім беру жүйесінде медресенің рөлі едәуір жоғары дәрежеде болды. Ондағы оқу мерзімі төрт жылға дейін созылды. Медресе шәкірттері ислам дінін үйренумен қатар, философия, тарих, тіл білімі,астрономия,медицина, математика пәндері бойынша мағлұматтар алды.Қазақ даласында бұл кезде жергілікті халықтың балаларын оқытуға арналған азаматтық бағыттағы мектептердің саны өте аз болды.Мұндай оқу орындары Қазақстанда тек Ресейге қосылғаннан кейін ғана ашыла бастады. Атап айтқанда,1786 жылы Омбы қаласында Азиаттық мектеп,1789 жылы Орынбор қаласының айыбас сарайы жанынан үкіметтік мектеп ашылды.Бұл оқу орындарында балалар, соның ішінде қазақ балалары тілмәштік, песірлік(кеңсе хатшысы) қызметтерге дайындалды.Әскери мамандары мен әкімшілік шенеуніктерін 1825 жылы Орынбор қаласында ашылған Неплюев кадет корпусы және 1846 жылы негізі қаланған Омск кадет корпусы даярлады.Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында 1841 жылы ашылды.Бұл мектептің оқушылары орыс тілін,математиканы, географияны, шығыс тілдерін,сондай-ақ ислам дінін оқып үйренді.....
ХІХ ғ. Екінші жартысында Қазақстанның экономикасы айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Бұл кезеңдегі Ресейдегі капитализмнің дамуы қазақтардың орасан зор территориясын қамтыды және тауар – ақша қатынастарының жедел өсуіне әрі капиталистік тәртіптіьң пайда болуына ықпал етті. ХІХ ғ. ІІ жартыстында Қазақстанға реселік капитал белсене ене бастады. Оны салудың негізгі саласы, өлкеміз аса бай патйдалы қазбаларын өндіру мен өңдеу саласы, сондай-ақ ауыл шаруашылық шикьізатын өңдейтін өнеркәсіп пен сауда саласы болды. Мысалы, тұз кәсіпшіліген капиталистік сиьпаттағы өндірітстің барлық белгілері тән болды. ХІХғ. соңында банк капиталы ене бастады және Қазақстан территориясында несие торабы пайда болды. Катпалистік несие де дами бастады. XIX ғ. соңына таман - XX ғ. басында Қазақстан территориясында қарапайым банк операцияларын жүзеге асыратын қазына қорларын сондай-ақ 345 несиелік және сауда сақтау серіктестіктерін есептемегенде 44 банк мекемесі жұмыс істеді. XIX ғ. соңында Қазақстан территориясындағы негізгі банк Орал, Қызылжар (Петропавл), Семей, Омбь және т.б. қалаларда бөлімшелері бар мемлекетік банктер болды. Несиелік мекемелердің орталығы Ақмола облысында болды. Сондай-ақ Қазақстанда Сібір сауда банкісінің 7 филиалы болды, екінші орында 5 бөлімшесі бар орыс сауда-өнеркәсіптік банкі болды. Несиелер құны бойынша, бірінші орында мал мен ет саудасы, екіншіде-нан, үшінішде - «аралас» тауар саудасынан тұрды. Капиталистік қатынастардың дамуы сауданың дамуына да елеулі әсер етті. Ресей капиталы өлкенің ең алыс түкпірлеріне де еніп, жергілікті мал шаруашылығын Ресейдің, Орта Азияның Батыс Еуропаның нарықтары мен одан да тығызырақ байланыстыра түсті. Сауданың негізгі объектісі мал болып қала берді. Ақмола, Қарқаралы, Сарысу уездерінен жыл сайын Ресейге 60000 бас ірі қара және 200000-дай қой басы әкетілген. Астық саудасының ірі орталықтары Орал, Орынбор, Семей болды, мұңда астық Қостанай, Ақтөбе, Орал, Түркістан уездерінен әкелінді. Астықтың бір бөлігі Ферғана, Ташкент, Бұқараға жөнелтілді.....
XVIII ғасырдың соңындағы шексіз монархиялық билік бір кезде біртұтас ұлыттық мемлекет құруда үдемелі рөл атқарса, енді кертартпа күшке айналып, ақсүйектер мен дін қызметшілерінің мүддесін қорғауы капитализмнің дамуын тежеді. Ел ішіндегі сауда саласының кеңеюіне табиғи шаруалар қожалығының кедергі болуы феодалдық қатынастарды жоюды қажет етті. Бұған шаруалар да, буржуазия да мүдделі еді. Өнеркәсіп пен сауданың еркін дамуын цехтың ұйымдастырылуы тежеді. Буржуазия цехтық құрылысты жоюға мүдделі болды және саудадағы, банк ісіндегі, несиелік, құқықтық, кедендік жүйедегі салықты жою үшін күресті. XVIII ғасырдың 80- жылдары феодалдық абсолюттік билік дағдарысы асқына түсті. Ғасырдың орта тұсында орын, алған экономикалық өрлеу тоқталды, елдің шаруашылығы нашарлап кетті. 1787 -1789 жылдары өндірісттік – сауда дағдарысы тереңдеді. Қалалар мен ауылдарда ашығушылар саны көбейіп, төменгі әлеуметтік топта кедейшілік кең етек алды. Мұның бәрі олардың күшті қарсылығын тудырды.Осы кезде жоғарыдағылардың да дағдарысы басталғанеді.Монархия күйреу алдында тұрды.1614 жылданбері францияда бас штаттар,яғни феодалдық –сословиелік уәкілдіктің жоғарғы мекемесі шақырлмаған еді.Дворяндар бас штаттарды шақыруды талап етті.Халық қолдауын сезінген депутатар өкіметке қарсышығуға бел байлады.олар мемлекеттің таптық принципін әшкерлеп,17маусымда өздерін ұлттық жиналыс деп жариялады. 20маусымда дөңгелек залға жиналған ұлттық жиналыс депутатары,конситутцияның негізгі ережелері дайын болмайынша,залдан шықпайтындарына ант берді.1789жылдың 9-шілдесінде жиналыс мүшелері өздерін ұлттық құрылтай жиналыс деп жариялады.Король XVI людовик пен сарай маңындағылар толғағыжеткен төңкерісті қарулы күш көмегі мен басуға шешім қабылдады. Революцияның басталуы.1789 жылдың 12 маусымында,Париж қаласында қаржы министрі Н.А.Неккер өз еркімен қызметтен кетті деген хабар тарап,әскер ішінде толқулар басталды.13 шілдеде парижде көтеріліс бұрқете қалды.Ертеңінде таңертеңгілік париж көтерілісшілердің қолында болды.көтерішілердің соңғы қимылы бастилияны алумен аяақталды.Бұл француз революциасының басталғанаын білдірді және бұл оның алғашқы жеңісі болды. 1789 жылғы революцияның басты саяси жетістігі буржуазия мен халықтың одақтасығы арқасында абсолютік билікті құлату болды. Басты саяси басқарушы мекеме болып құрылтай жиналысы танылды, оған мүше болғандар негізінен буржуалар еді. Жергілікті билік буржуазияның қолына көшті осылайша францияда аса маңызды тарихи оқиға мемлекетік биліктің буржуазияның өтуі биліке асты. 1789 ж тамызында өткен құрылтай жиналсы екі маңызды құжат қабылдады. 4-11 тамыздағы декрет бойынша феодалдық «жеке» борыштар мен шіркеу ондығы жойылды. Бірақ негізгі жер мен байланысты мінтеттер сақталынып қалды. Жер сенорлардың жеке меншігі болып табылып оларды тек қана сатып алуға жол ашылды.....
ХІХ ғасырдың жарқын жұлдыздары – Шоқан, Ыбырай, Абай салған ағартушылық – демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл басы, дарынды ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы еліне беделді , намысқор, қайрат иесі болған. Өз тұсындағы әділетсіз ел билеушілердің зорлығына қарсы тұрған. Ел-жұртына қиянат жасаған Торғай уезі Яковлевті соққыға жыққан. Ақыры, іс насырға шауып, Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге 15-жылға жер аударылады. Бұл оқиға 13 жасар, Ахметтің жүрегіне үлкен жара салған. Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмайды, өздігінен оқып, білімін жетілдіреді. 1895-1909 жылдар арасында Ахмет Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі ауылдық, болыстық және екі сыныптық училищеде бала оқытады. Осы кезде қазақ жеріне орыс шаруаларының көптеген көшіп келуі жергілікті халықтың тілін, мәдениетін елдігін сақтап қалу мәселесін күн тәртібіне қояды. Тіл құрыса, халық та құриды. Ұлт атымыз өшпесін десек, қазақ әдебиеті мен тілін өркендетуді қолға алу керек деп ойлайды Ахмет.Осы ойын іске асыруға кіріседі. Осы жолдағы ізденістерін ол 1896 жылы А. Алекторовқа жолығудан бастайды. Алекторов бұл кезде Омбыда отырып, Ақмола, Семей болыстарының оқу жүйесін басқарып тұратын болатын. Онымен Ахмет қазақ даласында бала оқыту жайы туралы кеңеседі. Ахмет орыс оқымыстыларының миссионерлік мақсатын , олардың қазақтарды орысша оқыту арқылы орыстандыру саясатын көздейтінін түсінеді. Осыдан секем алады.Қазақты өнер-білімге жетектеу өзгелердің емес, өзі тектес оқығандардың парызы деп түйеді. Алекторовтан алған екінші әсері- Ахметтің білім мен өнер жолындағы ой пікірінің кеңейе түсуі еді. Қазақ тарихы мен фольклорынан аса бағалы материал жинап, зерттеген Алекторов Ахметтің көп көмескі түсініктерің айқындап алуына, алдына жаңа мақсаттар қоюына елеулі әсерін тигізеді. Ағартушылық жолға түсіп, «қайтсем,халқыма пайдамды тигізем, қалай көзім ашам, ұйқысынан қалай оятам» деген мақсат Ахметті әдебиетке алып келеді. Ол әдебиетті халыққа ықпал етер күш санайды. Осы мақсатпен өлеңдер шығарады, И.А. Крылов мысалдарын аударып, сол үлгіде өзі де мысалдар жазады. Оның 1909 жылы Петербургте «Қырық мысал» деген кітабы, 1911 жылы Орынборда «Маса» деген өлендер жинағы басылады. Ахметтің Орынборға келгеннен кейінгі қызметі өте күрделі, әрі өнімді болған. Оның қоғамдық ой-пікірлері 1913 жылы 2-ші ақпанда шыға бастады, өзі ұйымдастырған «Қазақ» газетінде жариялана бастайды. Ол «Қазақ» газетінде патша үкіметі орындарынын құлағына жақпайтын мақалалар да жариялап отырған. Ол үшін талай рет ақшалай айып салынып, Ахмет түрмеге жабылған. 1925-1931 жылдар ішінде Қазақстанды басқарған Ф.И. Голошекин Қазақстан кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Октябрь» төнкерісін жүргізу саясаты ұстанды. Елдегі байлық пен малды тәркілеу жұмысын жүргізді. Халықты ашаршылыққа ұшыратты. Қазақ зиялыларының көпшілігі оны қолдаған жоқ. Голошекин өзіне қарсылық білдіргендерді «ұлтшыл» деп жариялап, олардың көзін жоды қолға алды. А. Байтұрсынов қара тізімге ілінген отыз адамның басы болып, 1929 жылы 2 маусымда тұтқынға алынды, жер аударылды. Азапты қуғын-сүргінен 1934 жылы қазанда ғана оралған ол 1937 жылы 8 қазан күні қайта ұсталып, 8 желтоқсанда атылды. Менің мақсатым алдағы уақытта Ахмет Байтұрсынов туралы оқып, танысып, Ахмет Байтұрсыновты мысалшы деп тану, және оны басқаларға үлгі етіп, оның шығармаларын мұраға қалдыру. ....
Ұлы октябрь социалистік революциясы елді шын мәніндегі мәдени революцияны жүргізудің жағдайларын жасады,үстем таптың білім алудағы артықшылықтарын жойды,мектепті шіркеуден айырды,еңбекшілердің балаларын білім беру ісіне кеңінен қамтудың қажетті шараларын қабылдап,комунистік қоғам орнату мақсаттарына сай келетін жаңа жасауға кірісті. Совет мемлекеті жаңа мектеп жасау ісінде педагогикалық ғылымның орасан зор роль атқаруға тиіс болатынын түсіне отырып ,оның дамуына қамқорлық жасады.Совет педагогикасының қалыптасып дамуы,лениндік идеялардың ықпалымен В.И.Лениннің тікелей араласып, белсене қатысуымен жүріп отырды. Сондай-ақ Ф.Э. Дзержинский,С.М.Киров,М.И.Калинин еңбектерінің зор маңызы болды. Совет мектебін құруда, советтік педагогиканың негізін қалаудааса көрнекті роль атқарған А.В. Лунагарский, М.П. Порковский, және Н.К. Крупская сияқты халыққа білім беру ісінің ұйымдастырушылары В.И. Лениннің тікелей басшылығымен жұмыс істеді. Н.К. Крупская октябрьге дейінгі дәірдің өзінде-ақ өзінің талантты педагог-марксист екенін көрсетті. Оның «халыққа білім беру және демократия » деп аталатын кітабы педагогикалық теориясын тарихи жөніндегі тұңғыш марксистік еңбек болды . Ұлы октябрь социалистік революциясынан кейін-ақ Крупская бірден мектеп жұмысымен, мектептен тыс мекемелер, балалар және жасөспірімдер қозғалысын ұйымдастыру жұмысымен тікелей айналыса бастады. Совет педагогикасы біршама жас ғылым болып табылады, бірақ ол өзінің алдында өткен педагогикалық жүйелерден түбірінен өзгеше әрі дүниежүзілік педагогикалық ғылымның дамуындағы жаңа кезең болып табылады. Совет педагогикасы қоғамымыздың даму заңдарын еске ала отырып комунистік тәрбие мәселесін қоғаммының өмірімен тығыз байланыстыра отырып ғылыми нағыз талдау жасауға бағыттайтын жанды, твочествалық ұғымды ілімді, миллиондаған адамдар ілімі – марксизм-ленинизмнің мызғымас берік іргетасы негізінде құралады. Мұның өзі совет педагогикасын комунистік тәрбие перспективаларын нақтырақ белгілеуіне мүмкіндік береді.....